Жаңалықтар

25.02.2022 (Обновлено: 21.03.2022 14:19)

ЕАЭО елдеріндегі шетелдік тауарлар пилоттық режімде қадағаланып отыратын болады

25 ақпанда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Руслан Бекетаев ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарларды қадағалап отыру механизмі туралы келісімді іске асыру барысы туралы айтты.

Комиссия мүше мемлекеттердің сарапшыларымен бірлесіп, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 наурызға дейінгі аралықта ЕАЭО елдерінде шетелдік тауарларды қадағалап отыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру үшін қажетті барлық нормативтік базаны әзірледі және келісті. Бұл Алқаның жеті шешімі және ЕЭК Кеңесінің екі шешімі. Бұлардың бәрі қабылданды. 

Еске сала өтсек, келісім 2021 жылғы ақпанда күшіне енді. Ол Одақта шетелдік тауарларды қадағалап отыру жүйесін құруды мақсат тұтады. Басты міндеті - бір мүше мемлекеттің аумағынан екіншісінің аумағына өткізу кезінде тауарлар айналымының заңдылығын растау болады.

Жүйе кедендік және салық төлемдерін төлеуден жалтарудың әртүрлі схемаларын пайдалануды болғызбау жағдайларын да жасайтын болады. Ол осындай тауарлардың айналымына байланысты операцияларды мемлекет тарапынан бақылауды да қамтамасыз етеді.