2022 жылы Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі негізгі капиталға салынған инвестиция 2021 жылмен салыстырғанда 4,3%-ға ұлғайып, шамамен 31 трлн ресей рублін құрады. Арменияда бұл едәуір артып 12,5% ретінде тіркелді.
ЕАЭО-ның ЖІӨ 2022 жылдың қорытындысы бойынша 173 трлн ресей рублін құрады. 2021 жылмен салыстырғанда ЖІӨ 1,6%-ға қысықарды.
2023 жылғы қаңтарда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімін өндіру (2,8%-ға), орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі (9,6%-ға), тұрғын үйді пайдалануға беру (17,9%-ға), көліктің барлық түрлерімен жолаушылар тасымалы (10,6%-ға) өскені байқалды.
Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «ЕАЭО негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері» бөлімде берілген.