тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Выберите язык
02.10.2024

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қорытындылары

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары 1 қазанда Ереванда (Армения Республикасы) өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында 22 мәселені қарады.

Үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығында ақпарат алмасу қағидаларын бекітті. Бұл ЕАЭО туралы шартта көзделген ортақ электр энергиясы нарығының жұмыс істеу қағидаларының жиынтығындағы қорытынды қ

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын іске асырудың 2024 – 2026 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен кезеңдерін іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілді.

ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары еуразиялық «бестік» елдерінің азаматтық авиация саласындағы заңнамасын үйлестіру жөніндегі өкімді мақұлдады. ЕАЭО елдерінің үкіметтері 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы саласындағы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының нормалары мен қағидаттарына сәйкес мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары тауарлардың ортақ биржалық нарығын қалыптастыру тұжырымдамасына қол қойды. Тауарлардың ортақ биржалық нарығын құрудың басты мақсаттары биржалық тауарларға объективті нарықтық бағаларды қалыптастыру, Одақтағы сауда көлемдерін ұлғайту, ұлттық валюталардағы есеп айырысу үлесін ұлғайту және әлемдік нарықта ЕАЭО тауарларына әділ баға белгілеуді қалыптастыру болып табылады. Бұл ретте энергетикалық тауарлардың биржалық саудасы мәселелері энергетикалық ресурстардың ортақ нарықтарын қалыптастыру жөніндегі жұмыс шеңберінде келісілетін болады.

Үкіметаралық кеңес 2023 жылы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу және бөлу туралы есепті қарады. Құжатқа сәйкес мүше мемлекеттердің бюджеттеріне әкелу баждарының түсімдері рекордтық 14,8 млрд долларға жетіп, 2022 жылмен салыстырғанда 46,8%-ға ұлғайды. 2023 жылы жиналған және бөлінген баждар сомасы 2015 жылдан бастап ең жоғары болды.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары 1 қазанда Ереванда орта мерзімді стратегиялық құжатты ЕАЭО шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2030 жылға дейінгі негізгі бағыттарын бекітті. Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың жаңа орта мерзімді бағдарлары Одақтағы өнеркәсіптің даму үрдістеріне сәйкес келеді. Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2024-2025 жылдарға арналған бірлескен болжамдары, мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімі, азық-түлік, зығыр талшығы, былғары шикізаты, мақта талшығы және жүн бойынша сұранысы мен ұсынысының теңгерімдері мақұлданды.

Бұдан басқа, Еуразиялық үкіметаралық кеңес алаңдарында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев пен Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов Еуразиялық экономикалық комиссия мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің 2024 – 2026 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы шеңберінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуының онжылдығына орай почта маркаларын таныстырудың салтанатты рәсімі өтті.

Үкіметаралық кеңес келесі отырыс 12-13 желтоқсанда Мәскеуде өтеді деп белгіледі.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына Еуразиялық экономикалық одақ елдері үкіметтерінің басшылары – ЕҮАК Төрағасы, Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченко, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты. Отырысқа Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов пен Иран Ислам Республикасының Бірінші Вице-президенті Мұхаммед-Реза Ареф те қатысты.