Жаңалықтар

08.10.2024

III Еуразиялық экономикалық форумның қорытындылары

Армения астанасында 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен бақылаушы мемлекеттердің үкімет басшыларының қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына орайластырылған III Еуразиялық экономикалық форум өтті. Іс-шара 2024 жылы Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалығы шеңберінде өтті.

Форум жұмысына 30-дан астам елден 2000-ға жуық қатысушы қатысты. Бизнес өкілдері ерекше қызығушылық танытты: Форумға 200-ге жуық компания келді. Форум шеңберінде ЕАЭО-Куба және ЕАЭО-Иран бизнес-диалогтары өтті, оның барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың тұжырымдамалық мәселелері талқыланды.

Форумның іскерлік бағдарламасы 30-дан астам іс-шараны қамтыды. ЕЭФ-2024 қатысушылары Одаққа мүше мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығының ЕАЭО-ның стратегиялық дамуы, жан-жақты кооперация және технологиялық ынтымақтастық, цифрландыру, көлік инфрақұрылымы мен логистиканы дамыту, ішкі нарықтың сапасы және кәсіпкерлікті қолдау, халықаралық ынтымақтастық сияқты өзекті бағыттарын талқылады.

Еуразиялық экономикалық одақ елдері үкіметтерінің басшылары: Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченко, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы —Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысқан III Еуразиялық экономикалық форумның негізгі іс-шарасы – «Қазіргі замандағы цифрландыру - төрт бостандықты қамтамасыз ету үшін императив» пленарлық отырысы. Форумға құрметті қонақтар – Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов және Иран Ислам Республикасының Бірінші вице–президенті Мұхаммед-Реза Ареф қатысты.

Форумға Ираннан келген көптеген делегация қатысты. ЕАЭО-Иран Бизнес-диалогында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың тұжырымдамалық мәселелері талқыланған панельдік пікірталас, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік және сауда мен инвестицияларға жәрдемдесудің қаржы құралдары саласындағы практикалық сипаттағы міндеттер қаралған салалық дөңгелек үстелдер қамтылды. Салалық дөңгелек үстелдер шеңберінде ЕАЭО Іскерлік бірлестіктері мен бизнес өкілдері де өздерінің ағымдағы және перспективалық жобаларын таныстырды.

«Жасыл Еуразия» халықаралық климаттық конкурсы

Форум шеңберінде Стратегиялық бастамалар агенттігі Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп екінші рет «жасыл күн тәртібі» технологиялық көшбасшыларын анықтауға және экономиканы климаттың өзгеруінің салдарына климаттық бейімдеу бойынша тиімді практикаларды насихаттауға бағытталған «Жасыл Еуразия» конкурсын өткізді. Сарапшылар мойындаған «Үздік тәжірибелер» көбейтіп таратуға ұсынылатын болады.

Биылғы жылы «Жасыл Еуразия» әлемнің барлық елдерінің қатысушылары үшін ашық болды. Конкурс климаттық тұрақтылықты нығайту бойынша тәжірибе алмасу үшін ауқымды алаңға айналды. Жалпы конкурсқа 15 номинация бойынша 300-ден астам өтінім берілді.

Конкурстың жеңімпаздары мен финалистері Ресей Федерациясынан, Беларусьтан, Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Ираннан, Египеттен, Индонезия және Өзбекстаннан келген 57 үздік климаттық практикаға айналды.

Үздіктерді марапаттауға Армения Республикасының вице-премьер-министрі Мгер Григорян, Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Игорь Петришенко, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары Әділбек Қасымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, сондай-ақ ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев қатысты.

Келісімдер
Еуразиялық экономикалық комиссия мен Байланыс саласындағы өңірлік достастықтың өзара іс-қимылы жөніндегі 2024-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына (жол картасына) қол қойылды. Оған ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Варос Симонян және Байланыс саласындағы өңірлік достастықтың бас директоры Алексей Бородин қол қойды.

Татарстан Республикасының Өнеркәсіптік кластері мен «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа Татарстан Республикасының Өнеркәсіптік кластері басқармасының төрағасы Сергей Майоров және «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Талғат Темірханов қол қойды.

III Еуразиялық экономикалық форумның ақпараттық әріптестері: ТАСС ақпараттық агенттігі, Белтелерадиокомпания, Армения Қоғамдық радиосы, «Арменпресс» ақпараттық агенттігі, Иран Ислам Республикасының ақпараттық агенттігі (ИРНА).