ЕЭК Кеңесінің 2024 жылғы 29 қарашадағы отырысының қорытындылары
29.11.2024
ЕЭК Кеңесінің 2024 жылғы 29 қарашадағы отырысының қорытындылары
29 қарашада Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің вице-премьерлері деңгейінде ЕЭК Кеңесінің отырысы болып өтті.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Ғылыми-зерттеу жұмыстарын (ҒЗЖ)жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер саласындағы әкімшілік ынтымақтастық туралы келісімнің жобасын мақұлдады, ол бұған қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерден өту үшін Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне жіберілді.