ЕЭК Кеңесі азаматтық жолаушы ұшақтарының жекелеген түрлерін әкелуге қатысты тарифтік жеңілдіктердің қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады.
ЕЭК Кеңесі дәрілік заттардың айналысы саласындағы уақытша арнаулы шаралар пакетін қабылдады.
ЕЭК Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі екінші хаттаманы бекітті. Құжат медициналық бұйымдарды ұлттық қағидалар бойынша тіркеудің 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мүмкіндігін көздейді.
ЕЭК Кеңесі төмен кернеулі жабдыққа арналған техрегламентке өзгерістер енгізді.
ЕЭК Кеңесі Кеден одағының «Техникалық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі» техникалық регламентіне өзгерістер енгізді.
ЕЭК Кеңесі Мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізді және қағидаларға № 1 қосымшаның жаңа тауар позицияларына арналған жағдайларын айқындады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша қол қойылған құжаттар
– «Кеден одағының «Төмен кернеулі жабдықтың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне (КО ТР 004/2011) өзгерістер енгізу туралы» шешім.
– «Кеден одағының «Техникалық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі» техникалық регламентіне (КО ТР 020/2011) өзгерістер енгізу туралы» шешім.
– 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама.
– «Жаңғақтар мен тұқымдардың жекелеген түрлеріне қатысты Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың және осындай баждар ставкалары мөлшерлерінің тізбесіне өзгерістер енгізу туралы» шешім.
– «Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2.1.2-тармағына өзгеріс енгізу туралы» өкім.
– «Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің «Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы туралы» шешім.