Тауарларға декларация берілгенге дейін шығару туралы өтініш – бұл оңайлатылған кедендік құжат, онда кедендік бақылау үшін ең аз мәліметтер көрсетіледі және тауар тауарларға арналған декларацияның жалпыға бірдей белгіленген нысаны берілгенге дейін іс жүзінде шығарылады.
Уәкілетті экономикалық операторлар (УЭО) аталған құжатты белсенді пайдаланады, олар үшін декларация берілгенге дейін тауарлар шығару ұсынылатын оңайлатудың бірі болып табылады.
Уәкілетті экономикалық оператор институты — әріптестік бағдарламасының халықаралық танылған стандарты, ал УЭО — белгілі бір талаптарға сай келетін тұлғалар ретінде кедендік операциялар мен кедендік бақылау жүргізу кезінде оңайлату ұсынылатын тұлғалардың айрықша санаты.
Осыған ұқсас мәліметтер толтыру тәртібі Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы "Тауарларға арналған декларацияның нысаны және оны толтыру тәртібі туралы" № 257 шешімімен бекітілген тауарларға арналған декларацияда көрсетіледі.