Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ағымдағы жағдаятты қанағаттанарлық деп бағалады. Мұндай бағалауға Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің және Одақ елдерінің ғылыми ұйымдарының қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссия жүргізген зерттеудің арқасында қол жеткізілді.
Зерттеу Еуразиялық үкіметаралық кеңестің өкіміне сәйкес ЕАЭО-да іске асырылатын Мүше мемлекеттердің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласында бірлескен іс-қимыл бағдарламасының іс-шаралары шеңберінде жыл бойы жүргізілді.
ЕЭК Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры Наталья Жукова осы жұмыс барысында аталған саладағы халықаралық тәжірибе зерделеніп, ЕАЭО елдеріндегі тұтынушылар құқықтарын қорғау деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін бірегей әдістеме әзірленді деп атап өтті.
Зерттеу нәтижелері тұтынушылардың Еуразиялық экономикалық одақтағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасына деген қанағаттанушылығының жоғары дәрежесін көрсетеді.
Сауалдамаға қатысушылардың едәуір бөлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасына және қауіпсіздігіне қойылатын талаптар әрқашан әрі жиі сақталады деп санайды. Мұндай бағалау үлесі Армения Республикасында 68%, Беларусь Республикасында 87%, Қазақстан Республикасында 61%, Қырғыз Республикасында 56%, Ресей Федерациясында 67% құрады.
Барлық мүше мемлекетте сауалдамаға қатысқандардың көпшілігі тұтынушылар құқықтарын қорғау үшін уәкілетті органға жүгінуге дайын, бұл азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін білдіреді.
Мемлекеттік органдардың қызметін Одақ елдерінің тұрғындары өте тиімді және тиімдірек деп бағалаған. Мұндай бағалаудың үлесі Армения Республикасында 54%, Беларусь Республикасында 72%, Қазақстан Республикасында 54%, Қырғыз Республикасында 47%, Ресей Федерациясында 56% болды.
Зерттеу әртүрлі саладағы тұтынушылардың негізгі проблемаларын анықтауға мүмкіндік берді.
Тұтынушылар арасында жүргізілген сауалдамаға сәйкес, киім мен аяқ киімге, сондай-ақ темекі және алкоголь өнімдеріне шағым көбірек айтылды.
Бөлшек саудадағы тұтынушылар құқықтарының неғұрлым көп таралған бұзушылығына баға көрсеткіштердің болмауы, бағаның дұрыс көрсетілмеуі, қосымша тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді таңу, сондай-ақ тауарлар туралы ақпарат берудегі проблемалар жатады.
Қоғамдық тамақтандыру саласындағы тұтынушылар құқықтарының әдеттегі бұзылуы қызмет көрсетуден бас тартуға, ыңғайлы тәсілмен төлей алмауға және шотқа қосымша позицияларды қосуға байланысты.
Тұтынушылар медициналық қызметтерді, байланыс қызметтерін және коммуналдық қызметтерді алу кезінде өз құқықтарының бұзылуына көбірек тап болады. Сауалдамаға қатысушылар мамандардың кәсіби деңгейі мен біліктілігінің төмендігін, көрсетілетін қызметтердің сапасыздығын және тұтынушының келісімінсіз қорытынды құнды ұлғайтуды атап өтті.
Тауарларды қашықтан сату кезінде неғұрлым көп таралған бұзушылық тауарды жеткізу мерзімдерінен ауытқуға, тауар туралы толық ақпарат ала алмауға және ана тіліндегі ақпараттың болмауына қатысты.
Зерттеу тұтынушылардың өз құқықтары туралы хабардарлығы жеткіліксіз екенін көрсетті.
Алынған мәліметтерге сәйкес, респонденттердің Армения Республикасы мен Қазақстан Республикасында 15 %-ы, Қырғыз Республикасында 17 %-ы, Ресей Федерациясында 26 %-ы және Беларусь Республикасында 34%-ы өздерінің тұтынушылар құқықтары туралы біліміне сенімді.
Респонденттер тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тиісті сапасына қатысты құқық туралы, сондай-ақ тиісті немесе тиісті емес сападағы тауарды айырбастау құқығы туралы жақсы хабардар. Тұтынушылар өз құқықтарын қорғау саласындағы оқу-ағарту құқығы туралы азырақ біледі.
Қашықтан сатып алу кезінде, туризм, медицина, білім беру және басқа салаларда тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселелері халық үшін неғұрлым өзекті болып табылады.
Наталья Жукова аталған зерттеуді Одақ елдерінің тұтынушылық мінез-құлықты және азаматтардың ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ортақ тұтыну нарығында оларды қорғауға бағытталған шараларға қатынасын зерделеу жөніндегі бірлескен жұмысының алғашқы тәжірибесі болып табылады деп атап өтті.
Зерттеу барысында әзірленген әдістеме әрбір мүше мемлекетте қолданылуы мүмкін, ал еларалық зерттеу нәтижелері осы бағыттағы интеграциялық жұмысты жетілдірудің негізі болады.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, тұтынушылар көбінесе (аптасына бірнеше рет) азық-түлік сатып алады, бұл ретте респонденттердің 43%-ы ешқашан темекі және алкоголь сатып алмайтынын атап өтті. Электрондық және тұрмыстық техника сирек дегенде жарты жылда бір рет, парфюмерлік-косметикалық тауарлар шамамен айына бір рет, киім мен аяқ киім бірнеше айда бір рет сатып алынады. Байланыс, бөлшек сауда және қоғамдық көлік саласы ең сұранысты көрсетілетін қызметтер болып табылады.
Орта есеппен, респонденттердің 20%-ы қашықтан сауда қызметін көрсетуді айына бірнеше рет, 19%-ы айына бір рет пайдаланады. Бұл ретте Қырғыз Республикасы респонденттерінің 40%-ы және Армения Республикасы респонденттерінің 23%-ы ешқашан тауарды онлайн сатып алмайды. Онлайн сатып алынатын тауарлардың неғұрлым көп үлесі тұрмыстық техникаға, парфюмерлік-косметикалық тауарларға, киім мен аяқ киімге тиесілі.