Жаңалықтар

21.06.2022 (Обновлено: 04.07.2022 17:15)

Комиссия ЕАЭО-ның өнеркәсіп саласындағы өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясын ынталандыруға баса назар аударады

Еуразиялық экономикалық комиссия өнеркәсіп саласындағы, әсіресе машина жасау саласындағы өндірістік және ғылыми-техникалық кооперацияны ынталандыруға, ЕАЭО елдерінде импортты алмастыруды және бәсекеге қабілетті жаңа өнім өндіруді ынталандыру мақсатында саланы инновациялық дамытуға баса назар аударады.

Бұл туралы Минскіде өткен «Ғылыми-техникалық ынтымақтастық - жаңа экономикалық сын-тегеуріндер жағдайындағы ЕАЭО дамуының негізі: проблемалар мен шешу жолдары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы шеңберіндегі «Машина жасауды дамыту және материалдардың жаңа түрлерін әзірлеу саласындағы өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың перспективалары туралы» секцияның отырысында ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені жөніндегі министрі Артак Камалян мәлімдеді.

ЕАЭО-ның ғылыми және кооперациялық әлеуетін машина жасау саласындағы өнімнің жаңа түрлерін өндіру және жаңа материалдарды әзірлеу үшін пайдалану пікірсайыстың басты тақырыптарына айналды.
«Машина жасау саласын ЕАЭО-дағы импортты алмастыру әлеуеті бойынша көшбасшы деп санауға болады, өйткені машиналар мен жабдықтар өндірісі, автомобиль жасау, компьютерлер, электрондық және оптикалық бұйымдар мен химиялық өнімдер өндірісі импортты алмастырудың жалпы әлеуетінің 60%-дан астамын құрайды. Комиссия ауыл шаруашылығы техникасына арналған импорттық жиынтықтауыштар мен тораптардың тізбесін қалыптастырды, олардың өндірісін Одақ елдерінде ұйымдастырған орынды. ЕАЭО мемлекеттерінің кәсіпорындары арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамыту бойынша біз жүргізіп жатқан жүйелі жұмыс практикалық нәтижелер береді. Биыл «Прогресс» өнеркәсіпшілер одағы құрылды, оның қатысушылары Ресей мен Беларусьтің ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың ірі компаниялары – «ПТЗ» АҚ, «МТЗ» ААҚ және «Гомсельмаш» ААҚ болды»,- деп атап көрсетті Артак Камалян.
ЕЭК министрінің пікірінше, қазіргі уақытта жаңа материалдар өндірісіндегі технологиялық инновациялар бүкіл өнеркәсіпте, соның ішінде машина жасауда импортты алмастыруға жағдай жасау үшін айқындаушы фактор болып табылады. Осыған байланысты ЕЭК мүше мемлекеттермен бірлесіп, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау,
 автоөнеркәсіп және т/ж көлігі, тамақ және құбыр саласы, арнайы мақсаттағы бөлшектер үшін жақсартылған техникалық сипаттамалары бар металдарды әзірлеуді кірістіретін металлургия өнімдерінің жаңа түрлерін өндіру саласындағы, сондай-ақ коррозияға төзімділігі жоғары қорытпалар өндірісі саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарының тізбесін айқындады. Мұндай жобаларға ЕАЭО-ның жетекші металлургиялық кәсіпорындары қызығушылық білдірді.
«Осы салалық алаңдағы пікірсайыстар біздің елдеріміздің алдында машина жасау және жаңа материалдар өндірісі саласындағы инновациялық дамудың жаңа перспективаларын ашуға және соның себебімен импортты алмастыру, бәсекеге қабілетті өнім өндіру, оны әлемдік нарыққа жылжыту жөніндегі шаралар шеңберінде біздің елдеріміздің іс-қимылының үйлестірілуі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Артак Камалян.
ЕЭК министрі ЕАЭО кәсіпорындарының импортты алмастырудағы жоғары әлеуетін атап өтті. Оның сөзінше, COVID-2019 пандемиясының салдарына қарамастан, 2021 жылы мүше мемлекеттер арасындағы кооперациялық жеткізілімдердің өсу қарқыны 40%-дан (2015-2020 жылдардағы барлық кезеңдегідей) асты.
«ЕАЭО-ның әрбір мемлекетінің импортты алмастыру стратегиясын жеке-жеке іске асыруы тиімсіз, өйткені елдердің ішкі нарықтарының шектеулі сыйымдылығы ауқымнан тиімділікке қол жеткізуге және өнімнің жекелеген түрлері бойынша әлемдік көшбасшылармен тең жағдайларда бәсекелесуге мүмкіндік бермейді. ЕЭК алаңында Өнеркәсіптің басым және жоғары технологиялық салаларында кооперация және импортты алмастыру жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Бұл жұмыстардың барлығын біз Одақтағы өнеркәсіптік кооперацияның жеңіл, жылдам және тиімдірек дамуы, ал ЕАЭО-ның өнеркәсіптік кешені күн сайын күшейе түсуі үшін жасап жатырмыз», - деді Артак Камалян.
Анықтама

«Машина жасауды дамыту және материалдардың жаңа түрлерін әзірлеу саласындағы өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың перспективалары туралы» секциясының отырысына Ресей мен Беларусьтің ғылыми топтары мен бизнес-қоғамдастықтарының, соның ішінде «И.П.Бардин атындағы қара металлургия ОҒЗИ» ФМБК және машина жасау секторындағы ірі компаниялардың өкілдері қатысты.