Жаңалықтар

07.04.2022

Комиссияның Жедел штабы басшысының 2022 жылғы Еуразиялық экономикалық форумды дайындау жөніндегі түсіндірмелері

Еуразиялық экономикалық форум Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының алдында 26-27 мамырда Бішкекте өтеді. Ол туралы Комиссияның Форумды дайындау жөніндегі Жедел штабының басшысы, ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің директоры Данияр Турусбеков хабарлады.

«Барлық елдер Жоғары кеңестің отырысы өткізілетін күнді және орынды растады. Қазіргі кезде Қырғыз Республикасы тарапынан да, сондай-ақ Комиссия тарапынан да іс-шараларды дайындау мәселелерін белсенді түрде пысықтау жүргізілуде. 8 сәуірде Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Арзыбек Орозбекович Кожошевтің басшылығымен Ұйымдастыру комитетінің отырысын өткізу жоспарлануда, онда форумның тұжырымдамасын бекіту жоспарланады», - деді Данияр Турусбеков.
Ол форум шеңберінде ЕАЭО мемлекеттері басшыларының қатысуымен жалпы отырыстың, сондай-ақ 6 панельдік сесссияның және ЕАЭО агроөнеркәсіптік тауарлар көрмесінің жоспарланып отырғанын атап өтті.
«Бизнес-қоғамдастықтардың, ғылыми және сараптау топтарының өкілдерін форумға қатысуға шақырамыз. Біздің ресми сайтымыздағы және Комиссияның ақпараттық ресурстарындағы жаңалықтарды қадағалап отырыңыздар», - деді Данияр Турусбеков.
Анықтама

Еуразиялық экономикалық форум Одақ органдарында – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте, Еуразиялық үкіметаралық кеңесте және ЕЭК кеңесінде төрағалық ететін ЕАЭО мемлекетінде кезекпен өткізілетін Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық саладағы жыл сайынғы іскерлік іс-шарасы болып табылады. Форум ЖЕЭК 2019 жылғы 1 қазандағы №16 шешімінің негізінде өткізіледі. Іс-шара онда мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің ірі, орта және шағын бизнес басшыларының, мүше мемлекеттердің бірінші тұлғаларының, ЕАЭО елдерінің мемлекеттік билік органдары басшылары мен өкілдерінің, сондай-ақ Одақ шеңберіндегі өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі үшінші елдер үкіметтерінің басшылары мен мүшелерінің, халықаралық, ғылыми және білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуына бағдарланған. Мүше мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасында кооперациялық байланыстарды қалыптастыру және мүше мемлекеттердің инвестициялық және инновациялық әлеуеттерін біріктіруден туындайтын синэнергетикалық тиімділікке қол жеткізу, экспорттық әлеуетті дамыту Еуразиялық экономикалық форумды өткізудің мақсаттары болып табылады.