Техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі консультативтік комитеттің Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренконың төрағалық етуімен өткен отырысында ЕЭК Алқасының отырысында қарау және бекіту үшін бірқатар шешім мақұлданды. Олардың арасында - «Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке өзгерістер жобасы, «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке орайлас стандарттар тізбесінің өзектілендірілген редакциясы, «Табиғи минералды суды қоса, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке мемлекетаралық стандарттар әзірлеу жөніндегі бағдарламаға өзгерістер жобасы бар.
Консультативтік комитет мүшелері Комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 100 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің жобасын одан әрі ЕЭК Алқасында қарау үшін мақұлдады, ол сәйкестікті бағалау жөніндегі аккредиттелген органдарды Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі біріыңғай тізіліміне қосу, сондай-ақ оны қалыптастыру және жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізуді көздейді.
"Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентке мемлекетаралық стандарттар әзірлеудің өзектілендірілген бағдарламасының жобасы,
сондай-ақ кедендік декларация беру "Төмен вольтті жабдықтың қауіпсіздігі туралы" және «Техникалық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі» техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес (сәйкестікті бағалау туралы құжат жайындағы мәліметтер) бағалау туралы құжатты ұсынумен сүйемелденетін өнімдер тізбесінің жобалары қолдау тапты. Олар болып өткен талқылау қорытындысы бойынша түзетілгеннен кейін ЕЭК Алқасының қарауына жіберіледі.
ЕЭК Кеңесіне баяндама жобасын қарау шеңберінде ЕАЭО шеңберінде стандарттау саласын дамытудың және Одақтың техникалық регламенттерін заманауи стандарттардың толық мәнді дәлелдемелік базасымен қамтамасыз етудің жүйелі мәселелері талқыланды.
"Комиссия біздің елдеріміздің мүдделі уәкілетті органдарымен бірлесіп, ЕАЭО шеңберінде стандарттау саласындағы ағымдағы және перспективалық қызметті сипаттайтын баяндама дайындайды. Құжат Одақтың техникалық регламенттерінің міндетті талаптарын қамтамасыз етудің жүйелік мәселелерін қозғайды, ал онда қатталған механизмдер техникалық реттеу бағытындағы стандарттау саласын жетілдірудің негізі болады",- деп атап көрсетті Виктор Назаренко.