Жаңалықтар

31.03.2022

ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығы машиналарын жасайтын аса ірі кәсіпорындары өнеркәсіптік кооперацияны жолға қоюда

Беларусь пен Ресейдің ауыл шаруашылығы машиналарын жасайтын аса ірі кәсіпорындары – Петербург және Минск трактор зауыттары, сондай-ақ, «Гомсельмаш» «Прогресс» өнеркәсіпшілер одағын құру туралы хабарлады. Рәсім 30 наурызда Санкт-Петербургте Белорус-Ресей бизнес-форумы аясында болып өтті.

Бұдан бұрын Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіп блогының үйлестіруімен осы компаниялар арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы ЕАЭО-да жаңа маңызды салалық бірлестік құрудың алғышарты болды.

«Прогресс» нарық конъюнктурасын зерделеуді, семинарлар, конференциялар ұйымдастыруды, сондай-ақ ұлттық және ұлтүсті заңнамалық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуді жоспарлап отыр.

«Жаңа бірлестік құру – айтулы оқиға екені сөзсіз, бұл Комиссияның Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің кәсіпорындары арасында өнеркәсіптік кооперацияны дамыту жөнінде жүргізген жүйелі жұмысының практикалық нәтижесі болып табылады», — деп атап өтті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.
Бұдан басқа, Беларусь пен Ресей кәсіпорындарының басшылары өткен жылы қол қойған меморандумды іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығына арналған, сондай-ақ орман және коммуналдық салаға арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі саласында перспективалық жобаларды әзірлеу мен іске асыру, салааралық және мемлекетаралық кооперацияны тереңдету, өнімді үшінші елдердің нарығына ілгерілету жоспарланған. Құжатта нарықтың басқа қатысушылары да меморандумға қатыса алатындығы атап өтілген.