Жаңалықтар

26.03.2024

Максим Ермолович пен Николай Снопков ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуға өзара қатысуын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде мемлекеттік сатып алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және өзара қатысу үлесін ұлғайту мәселелері Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович пен Беларусь Республикасының Бірінші вице-премьері Николай Снопковтың кездесуінде басты назарда болды.

Максим Ермолович атап өткендей, ЕАЭО-дағы мемлекеттік сатып алу нарығының көлемі 190 миллиард АҚШ долларынан асты және өсуді жалғастыруда, алайда әзірге мемлекеттік сатып алуға өзара қатысу аз.

«Протекционизмнен өзара бас тарту арқылы ғана елдер бәсекелестікті арттыра отырып, өз саудасын дамыта алады», – деді ЕЭК министрі.

Өз кезегінде Николай Снопков беларусь тауарларын ЕАЭО елдеріне жеткізудің артып келе жатқанын, беларусьтік кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алуға белсенді қатысатынын атап өтті.

«Негізгі бағдар – «бестіктің» жалпы нарығын бұдан да ашық ету. Ол үшін әртүрлі ұлттық алып қоюларды болғызбау, тең дәрежеде тең қолжетімділікті және бәсекелестікті қамтамасыз ету қажет», – деді Николай Снопков.