Жаңалықтар

25.02.2022 (Обновлено: 21.03.2022 16:59)

Үкіметаралық кеңес ЕАЭО-да орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар қабылдады

Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшыларына мүше мемлекеттердегі макроэкономикалық жағдаят туралы ақпаратты және орнықты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды ұсынды. Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы 24 ақпанда Нұр-Сұлтанда болып өтті.

ЕЭК баяндамасының толық мәтіні сайтта жарияланды.

Құжатта атап өтілгендей, соңғы екі жылдағы әлемдегі және ЕАЭО-дағы макроэкономикалық жағдаят COVID-19 пандемиясының, геосаяси шиеленістің, сауда қолдампаздығының елеулі ықпалымен қалыптасуда. 2020 жылғы құлдыраудан кейін ЕАЭО экономикасы қалпына келуде: қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктура Одақ мемлекеттеріндегі тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың жандануына, жұмыспен қамтудың артуына ықпал етті. 

ЕЭК бағалауы бойынша, 2021 жыл ішінде ЕАЭО мемлекеттері ЖІӨ-нің өсімі 4,5% құрады. Бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2021 – 2022 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарларында белгіленген мәніне сәйкес келеді.

Бұл ретте Беларусьтың, Қазақстанның және Ресейдің экономикасы қазірдің өзінде пандемияға дейінгі деңгейіне жетті. Өзара және сыртқы сауда айтарлықтай өсті. 2021 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі өткен жылмен салыстырғанда 31,9% артты және жаңа барынша көп тарихи мәні 72,6 млрд АҚШ долларына жетті. Сыртқы нарықтағы позициялар күшеюде. 2021 жылы ЕАЭО-ның үшінші елдерге экспорты 44,1% артты және 525,6 млрд АҚШ долларына - 2015 жылдан бергі барынша көп мәніне жетті.

«Пандемия іскерлік белсенділікке теріс әсер еткенімен, жаңа технологиялық салттың озыңқы дамуына байланысты ілгерінді құрылымдық өзгерістерге ықпал етті. Оң құрылымдық өзгерістер байқалды. ЕАЭО-да ішкі өндіріс пен өзара сауданың өсуі есебінен импорт алмастыру процестері тездетілді, ЕО-ның үлесі азайды және сыртқы саудада Қытайдың үлесі артты, сондай-ақ сыртқы сауда есеп айырысуларда ұлттық валюталардың үлесі өсті»,- делінген баяндамада.
Мәселен, ЕАЭО-ның сыртқы сауда айналымындағы Еуропалық одақтың үлес салмағы 2015 жылғы 46,2%-дан 2020 жылы 36,7%-ға дейін азайды. ЕАЭО-ның сыртқы сауда айналымындағы АТЭЫ және ШЫҰ елдерінің үлесі, керісінше осы кезең ішінде тиісінше 29,6%-дан 36,4%-ға және 16,3%-дан 24,1%-ға дейін өсті.

Экономикалық өсудің жаңа салалық көздері пайда болуда. ЕАЭО-дағы экономикалық белсенділіктің жалпы құлдырауы кезінде 2020 жылы фармацевтика өнеркәсібі шығарылымының өсуі 22% құрады, байланыс көрсетілетін қызметтері мен электрондық сауда көлемі артты.

Баяндамада жаңа технологиялық салттың түйінді өндірістері: биоинженерлік технологиялар – халықты жаппай вакцинациялауға байланысты; ақпараттық технологиялар – жұмысшылар мен оқушыларды қашықтықтан жұмыс режиміне жаппай көшіру және тауарлар мен көлік құралдарын цифрлық қадағалап отыру жүйесін енгізу себебімен; нано және микроэлектроника – есептеу техникасы құралдары мен аспаптарға сұраныстың күрт өсуіне байланысты қосымша ынталандырылды деген деректер келтіріледі. Денсаулық сақтауды дамыту күшті серпін алды.

ЖІӨ-дегі ақпараттық технологиялар секторының үлесі ЕАЭО-ның барлық мемлекетінде өсті және бұл бағытта Беларусь көшбасшы болып табылады. 2020 жылдың қорытындылары бойынша елдердің ЖІӨ-дегі ақпараттық технологиялар мен байланыс саласындағы үлесі 7,1%-ға жетті (2019 жылы 6,3%). Екінші орында Армения (2019 және 2020 жылдары 3,3% және 3,8%). Басқа мемлекеттердегі бұл көрсеткіш 2-3% шегінде.

 «ЕАЭО-да бар өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуетті жандандыру 2021-2022 жылдарға арналған макроэкономикалық саясаттың негізгі бағдарларында белгіленген ЕАЭО-да жылына ЖІӨ өсімін 4,5% - 5,5% деңгейінде өсіру жөніндегі мақсатқа қол жеткізу деп санауға әрі экономикалық даму деңгейі бойынша мүше мемлекеттерді жақындастыруға мүмкіндік береді»,- деп атап көрсетеді баяндама авторлары.
Бүгінде Одақ елдерінде жүктелмеген өндірістік қуаттарды пайдалануға, олардың сапалы технологиялық жаңаруына және еңбек өнімділігінің артуына байланысты дамудың елеулі әлеуеті бар. 2020 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік қуаттардың жүктемесі Қырғызстанда 50%, Қазақстанда 52%, Ресейде 62% және Беларусьта 70% деңгейінде болды. ЕЭК бағалауы бойынша, өңдеуші өнеркәсіпте өндірістік қуаттарды пайдаланудың орташа деңгейін 10% арттыру мүше мемлекеттерде өнеркәсіп өндірісінің көлемінің өсу қарқынын ұлттық экономикалардың құрылымына байланысты 6-15% арттыруға әкелуге қабілетті.

Халықаралық тәжірибені талдау көрсеткендей, бұл ішкі көздердің есебінен инвестицияларды үдете өсірген жағдайлар кезінде мүмкін болады.Интеграциялық жобаларда инвестицияларды қаржыландыру көздерін кеңейту бұл процеске өңірлік және ұлттық даму институттарын бұдан да белсендірек тартуға ықпал етуге тиіс.

Экономикалардың орнықты даму траекториясына шығуы ЕАЭО-дағы экономикалық даму деңгейін жақындастыруға да ықпал етуге тиіс. Қазір табыс деңгейі жоғары және төмен елдердің арасында жан басына шаққандағы табыс деңгейінің 5,5 еседен астам айтарлықтай алшақтығы сақталып отыр.