Жаңалықтар

30.04.2021 (Обновлено: 29.12.2021 17:36)

Михаил Мясникович Үкіметаралық кеңес отырысының қорытындылары туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович 29-30 сәуірде Қазанда көзбе көз форматта өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындылары туралы журналистерге айтып берді.
«ЕҮК отырысында біздің экономикаларымыз үшін маңызды әрі перспективалық сипаты бар 12 мәселе қаралды», — деп атап өтті Михаил Мясникович.

Оның сөзінше, ғарыш бойынша үлкен мемлекетаралық бағдарламаны іске асыру басталады. Ол жерді қашықтан зондтау мен ГЛОНАСС жүйесі мәселелеріне ғана емес, сонымен бірге локализация көлемінің артуына да қатысты. Ресейде, Қазақстанда, Беларусьта бар атқарымдар мен құзыреттер осы ортақ жобаға қосылады.
Михаил Мясникович: «Біздің алдымызда қазірдің өзінде атқарымдалған әлі көптеген бірлескен бағдарлама тұр. Премьер-министрлердің мәселелерді талқылау кезінде, мысалы, кооперацияны тереңдету қажеттігіне және өзін Одақтың ішкі нарығында ғана жайғастырып қоймай, сонымен бірге сыртқы контурда да барынша белсенді жұмыс істейтін жаңа бірлескен компаниялар құруға назар аударғанына қуаныштымын», — деп атап көрсетті.


Азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты ішкі нарықтың жұмыс істеуі бойынша бірқатар мәселелер және басқа біршама өзекті тақырыптар қаралды. Соның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларын болдырмау және осындай қауіпті ауруларға байланысты мүмкін болатын залалды барынша азайту сөз болды.
ЕЭК Алқасының басшысы және де: «Біздің Одағымыздың өз игілігі өзіне жететін деңгейі жоғары деп санаймыз. Комиссия азық-түлік балансына қатысты байсалды жұмыс жүргізді. Бұл тақырып бүгінде БАҚ-та жиі жазылатындықтан, біздің астық, ет, қант, сүт тобындағы тауарлар бойынша Одақтың ішкі нарығын орнықты қамтамасыз ету үшін ресурстарымыз жеткілікті екенін, тіпті артық өнімді экспортқа шығара алатынымызды айта өткім келеді. Сол себепті бұл тауарлар бағасының құбылмалылығы — тапшылыққа немесе басқа да бір күрделі себептерге байланысты емес. Бұл ресурстарды басқаруды жетілдіру керектігі сөзсіз. Комиссия қазір осы мәселемен барынша байсалды айналысуда», — деп мәлімдеді.

Бұдан басқа, Михаил Мясникович: «Біз өзара сауда шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтар сатып алуға қатысты бірқатар мәселені талқыладық, бұл ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер үшін ғана емес, сонымен бірге оны тұтынушылар үшін де өзекті мәселелер», — деді.


ЕЭК Алқасының Төрағасы атап өткендей, ЕҮК отырысына қатысушылар экспорттық реттеу шараларын жетілдіру қажеттігі туралы да сөз қозғады. Қорытындысында экспорттық реттеудің қолданылатын шараларын азайту және мүмкін болатын оңтайландыру жөнінде жұмыс жүргізуге уағдаласты.
«Әрине бұл — өте шетін тақырып, ол ЕЭК Алқасы мен біздің басқа құрылымдарымыздың шеңберінде игеріледі», — деп түйіндеді Михаил Мясникович.