Жаңалықтар

05.10.2022

Михаил Мясникович пен Сергей Лавров ЕАЭО-ның халықаралық қызметінің мәселелерін талқылады

5 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович пен Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресейдің келесі жылы ЕАЭО органдарында төрағалық етуі тұрғысында Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметінің мәселелерін талқылады.

Кездесу шеңберінде Одақтың үшінші елдермен және халықаралық бірлестіктермен өзара іс-қимылы туралы айтылды, атап айтқанда, ЕАЭО-ның ТМД, Азия, Таяу Шығыс, Африка және Латын Америкасы мемлекеттерімен ынтымақтастығының перспективалары сөз болды.

Тараптар көп полярлы әлемқалыпты қалыптастыру процесінде ЕАЭО-ны Үлкен Еуразиялық әріптестіктің интеграциялық контуры орталықтарының бірі ретінде жайғастыру жөніндегі бірлескен жұмыстың тиімділігін атап өтті.

ЕАЭО-ны халықаралық аренада ақпараттық жайғастыруға, сондай-ақ жастармен жұмыс мәселелеріне жеке назар аударылды.

Михаил Мясникович пен Сергей Лавров интеграциялық күн тәртібі бойынша бұдан арғы жұмыс тұрғысындағы байланысуды жалғастыруға келісті.