Жаңалықтар

22.11.2022 (Обновлено: 30.11.2022 10:37)

Михаил Мясникович: «ЕАЭО туралы жаңартылған шарт әзірлеу туралы ойланатын уақыт келді»

ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович бұл туралы 22 қарашада Мәскеуде Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университетінде өткен «Қағидасыз экономикалық ұрыстар: жеңіске жетудің рецептері» халықаралық форумында мәлімдеді.

«Қазіргі жағдайда біздің Одақтың даму мәселелеріне жаңаша қарау қажет. Стратегиялық жоспарлау мен нарықтық қатынастардың парасатты ұштасуы үлкен нәтиже береді. Еуразиялық компаниялар құруға бастамашылық жасаған, инвестициялардың өсуіне жәрдемдесу және ЕАЭО елдерінің экономикалық өзара іс-қимылында ұлттық валюталарды бұдан да белсенді пайдалану орынды болады. Одақ туралы жаңартылған шартты - кешенді нормативтік құжатты әзірлеу туралы ойланатын уақыт келді деп пайымдаймын»,- деп Михаил Мясникович өз сөзінде осылай белгілеп көрсетті.
Жағдаятты тұрақтандыру және ортақ нарықтың орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Комиссия жедел дағдарысқа қарсы шаралар қабылдайды, бұл санкциялардың Одақ экономикасына ықпалын біршама жұмсартуға мүмкіндік берді. Бұл - кедендік әкелу баждарын нөлге түсіру, жеке тұлғалардың жеке тұтынуы үшін тауарларды бажсыз әкелуінің шегін арттыру, «қатарлас» импортқа жәрдемдесу және осы сияқтылар. Бағалау жағынан бұл шаралар компаниялар мен азаматтарды екі млрд АҚШ долл. жуық сомада қолдауды білдіреді.ЕАЭО-дағы негізгі азық-түлік тауарларының индикативті теңгерімдері әзірленді. Одақ елдері қажеттілікті астықпен 148%, етпен 98,5%, сүтпен 97%, қантпен 98,5%, өсімдік майымен 194% қамтамасыз етілген. Бұл Еуразиялық экономикалық одақтағы азық-түлік қауіпсіздігінің жоғары дәрежесін көрсетеді. Осымен бірге, Михаил Мясниковичтің пікірінше, ЕАЭО-да ресурстарды басқарудың пәрменді құралдарын жасауға да күш-жігерді бағыттаған жөн.
«ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Комиссия қабылдаған шешімдер бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 2021 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда Одақ елдерінің жиынтық ЖІӨ деңгейін сақтауға мүмкіндік берді»,- деп атап көрсетті ЕЭК Алқасының Төрағасы.

ЕАЭО-дағы технологиялық тәуелсіздік және импорт алмастыру мәселелеріне жеке назар аударылды. Бұл ретте Комиссия қазірдің өзінде өнеркәсіптік кооперациялық жобаларды жасау кезіндегі қаржы ресурстарын жеңілдікті ету механизмін әзірледі және оны одақтық елдердің Үкімет басшылары қолдады. Басымдықты салаларда іске асыруға арналған ықтимал жобалардың тізбесі қалыптастырылды. Бизнеспен тұрақты диалог жүргізіледі.ЕЭК Алқасының Төрағасы өз сөзінде Еуразиялық қаржы жүйесін және өзіндік Еуразиялық институттар құру, мысалы, Еуразиялық төрелік сот, рейтинг агенттіктерін, ЕАЭО-да стратегиялық жоспарлаумен айналыса алатын құрылымдар құру қажеттігін атап өтті.
«Бұл ЕАЭО елдері үшін ғана пайдалы деуге болмайды, Одақтың халықаралық аренадағы рөлі өсе түсуде және Үлкен Еуразиялық әріптестікті іске асырудың практикалық негізі қалыптастырылуда»,- деп түйіндеді Михаил Мясникович.

Халықаралық форум барысында ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович пен Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің ректоры Станислав Прокофьев ЕЭК пен Қаржы университеті арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.