Жаңалықтар

28.07.2023

Михаил Мясникович «Ресей – Африка» саммиті аясында бірқатар екіжақты іскерлік кездесулер мен келіссөздер өткізді

27-28 шілдеде «Ресей – Африка» саммиті аясында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясникович Африка одағы комиссиясының төрағасы Мусса Факи Махаматпен және Африка экспорт-импорт банкінің (Афрэксимбанк) Президенті Бенедикт Ораммен жұмыс кездесулерін өткізді.

Сауда ынтымақтастығының перспективалары, өнеркәсіптік және ғылыми өзара іс-қимылдың жекелеген аспектілері, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

ЕЭК Алқасының Төрағасы Африка одағы Комиссиясының төрағасы Мусса Факи Махаматпен кездесу барысында 2019 жылы жасалған екіжақты меморандумды дамыту бойынша Комиссия мен Афроодақтың ынтымақтастығы туралы жаңа құжат дайындау мәселелерін талқылады.

Михаил Мясникович Африка экспорт-импорт банкінің (Афрэксимбанк) Президенті Бенедикт Ораммен ЕАЭО тәжірибесі негізінде Африка өңірінде техникалық реттеу жүйесін енгізу перспективаларын талқылады.

Саммит барысында ЕЭК Алқасының төрағасы сонымен қатар РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің төрағасы Алексей Оверчукпен, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен, Ресей Президентінің көмекшісі Юрий Ушаковпен, ‑Санкт-Петербург қаласының губернаторы Александр Бегловпен, Мемлекеттік Думаның Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Леонид Слуцкиймен өзекті халықаралық және өңірлік тақырыптар бойынша пікір алмасты.