Жаңалықтар

16.03.2023

Михаил Мясникович: «ЕАЭО шектеулер, санкциялар және пандемия жағдайында өзінің өміршеңдігін дәлелдеді»

ЕЭК Алқасының төрағасы Михаил Мясникович Мәскеудегі Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының съезінде Еуразиялық интеграциялық процестерді ілгерілетудегі бизнестің рөлі туралы айтты. РӨКО съезіне Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин де қатысты.

Михаил Мясниковичтің айтуынша Еуразиялық экономикалық одақ пандемия шектеулері, санкциялары мен карантиндік шаралары жағдайында өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. «Еуразиялық экономикалық одақ үкіметтерінің, бизнесінің және жарғылық органдарының күш-жігерінің арқасында ЕАЭО-дағы тауарлармен өзара сауда-саттық көлемі соңғы 3 жылда 35%-дан аса өсіп, рекордтық 83 млрд долларға жетті. Бұл ретте ынтымақтастықтың ауқымы мен тереңдігін айғақтайтын кооперациялық тауарлармен өзара сауда жасау көрсеткіштері осы кезеңде бір жарым есеге ұлғайды», - деп атап өтті ЕЭК Алқасының басшысы». 

ЕЭК Алқасының төрағасы Одақтың ортақ нарығының артықшылықтарының арқасында шикізатты, жиынтықтаушы және түпкілікті тауарларды жеткізудің логистикалық тізбегін қалыптастыруды жедел қамтамасыз етуге болатынын айтты.

Михаил Мясникович мемлекеттік сатып алу механизмін жетілдіруге баса назар аударды. Ол мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың шықан елін анықтаудың бірыңғай ережелері әзірленгенін, олар үнемі жетілдіріліп отыратынын айтты. Оларды әзірлеу кезінде Комиссия мен мүше мемлекеттер Одақ елдеріндегі өндірістерді оқшаулауға ықпал ететін кооперациялық тәсілді ұстанады. Сонымен қатар, Еуразиялық тізілім қолданылады, оның үзінді көшірмесі тауардың шыққан елін растайды және бұл бизнестің көптеген әкімшілік кедергілерге тап болмауына мүмкіндік береді.

ЕЭК Алқасы басшысының айтуынша ЕАЭО елдері жоғары технологиялық қызмет түрлерінің үлесін арттыруы тиіс. «Қысқа мерзімде қомақты инвестиция қажет. Микроэлектроника, электронды компоненттік база, химия өнеркәсібі және фармацевтика саласы, авиациялық және медициналық өнеркәсіп, автомобиль және білдек жасау сияқты салаларға басымдық беру керек», - деп атап өтті Михаил Мясникович. 

Ол сондай-ақ Одағымызда технологиялық тәуелсіздікке ғылыми негізделген тәсілдер негізінде қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.

Техникалық реттеу мәселелеріне қатысты ЕЭК Алқасының төрағасы қазіргі уақытта Одақ нарығында айналымдағы өнімнің 85%-на қатысты бірыңғай қауіпсіздік талаптары белгіленгенін атап өтті. «15 мыңнан аса стандарт қолданылады. Мемлекетаралық стандарттарға деген сұраныс арта түсуде. Өнеркәсіп пен бизнес өкілдерінің оларды әзірлеу процесіне қатысуын қамтамасыз ету өте маңызды», - деді Михаил Мясникович.