Жаңалықтар

06.06.2022 (Обновлено: 16.06.2022 15:59)

ЕЭК министрі Варос Симонян: «Бәсекеге қабілеттіліктің басты факторларының бірі тереңдетіп цифрландыру болып табылады»

«Цифрландыру — аясы тар мақсат емес, ол қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен егемендікті сақтаудың маңызды шарты болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақ елдері азаматтарының өмір сүру сапасы мен экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың қажетті драйвері. Сөз тереңдетіп цифрландыру туралы болып отыр», — деп мәлімдеді Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Варос Симонян Минскідегі «Тибо» IV Еуразиялық цифрлық форумында. 6 маусымда ЕЭК министрі «Цифрлық болашақ» тақырыптық отырысының ресми ашылуына қатысты.


Оның сөзінше, бүгінде ЕАЭО шеңберінде интеграциялық процестерді үдемелі тереңдету қағидатына негізделген «парасатты, терең» цифрлық егемендікті айқындау мен қамтамасыз ету және өңірлік цифрлық егемендікті қамтамасыз ету мәселелері Одақ көлемінде бірінші орынға шығады.

Цифрлық егемендік мемлекетке өзінің ақпараттық саясатын анықтауға, осы саладағы қауіпсіздікті толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондықтан Еуразиялық «бестіктің» әрбір елінде экономикаларды жедел цифрландыру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Бұл ретте форум өтіп жатқан Беларусь Республикасы, Варос Симонян айтқандай, «Еуразиялық кеңістіктегі көшбасшылардың бірі бола отырып, өз экономикасын цифрлық трансформациялау мәселелерінде жеті қадаммен ілгерілетіп келеді».

«Бүгінгі таңда адамзат ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бұрынғыдан да тәуелді болған кезде, біздің басты міндеттеріміздің бірі ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелердің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, басқаша айтқанда, экономика мен қоғамды жан-жақты цифрландыру арқылы цифрлық егемендікті қамтамасыз ету болып табылады», — деп атап көрсетті ЕЭК министрі.

Варос Симонянның пікірінше, өз кезегінде, ЕАЭО деңгейінде жаһандық және жергілікті цифрлық платформалар үшін ортақ қағидалар белгілеу, бір жағынан, Одақ елдерінде мемлекет пен қоғамның мүдделерін қорғаудың тең жағдайларын жасайды, ал екінші жағынан, жоғары технологиялық сервистердің қолжетімділігін арттырып және экономикалық өсу үшін жағдайлар жасай отырып, ЕАЭО ортақ нарығына жаңа платформалардың шығу жолындағы тосқауылдарды азайтады. Осыған байланысты ұлттық ресурстар арасында деректер алмасу, бүкіл Одақтың мүддесі үшін оларды шығармашылық талдау және үздік тәжірибені ұлтүсті деңгейіне көшіру қажет.

Анықтама

«Тибо» — телекоммуникациялар, ақпараттық және банк технологиялары жөніндегі халықаралық мамандандырылған көрме және конгресс. Биыл 6-10 маусымда Минскіде (Беларусь Республикасы) өтуде. Бұл алаңға ЕАЭО елдерінің IT-саладағы жетістіктері шоғырландырылған. Көрмеге келушілер цифрлық жаңалықтарды көріп, тестілеуден өткізе алады. Қатысушылар үшін цифрлық мемлекетті, «ақылды» қалаларды, бизнес жүргізудің смарт-технологияларын және т.б. ашық талқылау ұйымдастырылған.

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі