Жаңалықтар

13.04.2023

ҚХР Сыртқы істер министрі Цинь Ган Михаил Мясниковичке алғыс хат жолдады

Қытай Халық Республикасының СІМ басшысы Цинь Ган Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичке ҚХР Сыртқы істер министрі болып тағайындалуына байланысты құттықтау хаты үшін алғысын білдірді.

«Сізді қытай халқының бұрыннан келе жатқан досы деп білемін. «Бір белдеу, бір бағыт» және Еуразиялық экономикалық одақ құрылысын ұштастыру аясында ынтымағымыздың белсенді дамуын жалғастыру мақсатында Сізбен жақсы қарым-қатынасты өрбіте түсемін деп үміттенемін», — делінген Цинь Ганның Михаил Мясниковичке жазған алғыс хатында.