Жаңалықтар

27.11.2023 (Обновлено: 28.11.2023 16:21)

ЕЭК өнеркәсіп және АӨК министрі Артак Камалян кооперациялық жобаға қаржыландыруды қалай алуға болатынын айтады

11 желтоқсанда Мәскеу уақытымен сағат 11.00-де Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіп палатасының алаңында Еуразиялық экономикалық одақтағы өнеркәсіптік кооперацияны қаржылай қолдау механизмінің ашық таныстырылымы өтеді.


Іс-шараға қатысуға өнеркәсіптік кәсіпорындардың, салалық бірлестіктердің, сондай-ақ ЕАЭО бойынша серіктестермен кооперациялық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі өңірлік билік органдарының өкілдері шақырылып отыр.

Кездесуге қатысушылар қаржылық қолдау алу үшін кооперациялық жобаның қандай критерийлерге сәйкес келуі керектігін, қарыз алушы мен қаржы ұйымдары үшін қандай талаптар қойылғанын, сондай-ақ қолдау көрсету үшін нақты сектордың қай салалары басымдыққа ие екенін білетін болады.

Қаржыландыру механизмін іске асыру туралы сұрақтарға жаңа механизмді әзірлеу және енгізу үшін жауапты Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және АӨК министрі Артак Камалян жауап береді.

Кездесуге мүше мемлекеттердің сауда-өнеркәсіп палаталарының, салалық өнеркәсіптік одақтар мен бизнес-бірлестіктердің өкілдері қатысады.

Іс-шара онлайн-қосылу мүмкіндігімен аралас форматта өтеді.

Қосымша ақпарат алу үшін ЕЭК Өнеркәсіптік саясат департаментінің қызметкері Елена Астапьеваға мына телефон нөмірі бойынша хабарласыңыз: тел.: +7 (495) 669 24 00, ішкі нөмірі: 48 78.

Іс-шараға қатысуды электрондық пошта арқылы растауға болады: astapeva@eecommission.org.

Анықтама

2023 жылғы 26 қазанда Еуразиялық үкіметаралық кеңес өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іріктеу және оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің іске асыруы кезінде қаржылық көмек көрсету туралы ережені бекітті.