тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Выберите язык
25.05.2022

ЕАЭО елдерінің Энергетика министрлері электр энергиясының ортақ нарығы нормативтік базасының реттелмеген ережелерін талқылады, сондай-ақ сауда алаңдарын таңдауды келісті

25 мамырда Бішкекте өткен энергетика саласындағы уәкілетті органдар басшылары кеңесі отырысының түйінді тақырыбы энергия ресурстарының ортақ нарықтарының нормативтік базасын қалыптастыру болды.
Мәселелердің елеулі блогы Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын (Одақтың ОЭН) қалыптастыруға қатысты болды. Министрлер Одақтың ОЭН шеңберінде электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу қағидалары мен Одақтың ОЭН-де өзара сауда қағидалары жобаларының еркін екіжақты шарттарды тіркеу тәртібін, әрбір мемлекетаралық қимадағы электр энергиясының сальдо-ағындарының ауытқу шамасын айқындауды сөз ететін жекелеген реттелмеген ережелерін талқылады. Сондай-ақ электр энергиясының сальдо-ағындарының сағаттық ауытқуларының құнын айқындау қағидаттарын қарады. Кездесуге қатысушылар шарт талаптары бойынша келіспеушіліктер болған жағдайда электр энергиясын саудадан тыс мемлекетаралық беру бойынша көрсетілетін қызмет шарттарын талқылады.

Энергетика министрліктерінің басшылары Одақтың ОЭН-де мерзімді келісімшарттар бойынша және бір тәулік бұрын электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру тапсырылатын сауда алаңдарын таңдауды келісті.

Мерзімді келісімшарттар бойынша орталықтандырылған сауданы ұйымдастыру үшін 3 сауда алаңы айқындалды: «Қазақстандық электр энергиясы мен қуаты нарығының операторы» («КОРЭМ» АҚ), «Санкт-Петербург халықаралық тауар-шикізат биржасы» АҚ және «Беларусь әмбебап тауар биржасы» ААҚ, олар жоспарланғандай көрсетілген сауда алаңдарының бірыңғай сауда сессиясында сауда-саттық мәмілелерін жасасуды жүзеге асыратын болады.

Электр энергиясының бір тәулік бұрынғы орталықтандырылған саудасының операторы ретінде «Электр энергиясының көтерме сауда нарығы сауда жүйесінің әкімшісі» АҚ айқындалды.

Көрсетілген сауда алаңдарын таңдау Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысы шеңберінде бекітілетін болады.

Кеңес шеңберінде сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің энергетика саласындағы уәкілетті органдары басшылары кеңесін құру қажеттігі және оның жұмыс істеуі жөніндегі ұйымдастырушылық құжаттар келісілді.

«Электр энергетикасы саласындағы сарапшылардың тұрақты әрі белсенді жұмысының нәтижесінде бүгінгі таңда Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының жұмыс істеу қағидаларының жобалары жоғары дайындық дәрежесінде тұр. Қалған келіспеушіліктерді реттеуге бағытталған күш-жігер нарықты белгіленген мерзімде іске қосуға мүмкіндік береді деп сенемін», — деп атап өтті ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Темирбек Асанбеков.
ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлім