Қатысушылар маркетплейстердің сатуды әртараптандырудың жаңа құралдары ретіндегі қызметіне, сондай-ақ компаниялардың трансшекаралық электрондық сауда шеңберінде контрафактілік тауарларды анықтау жөніндегі қызметіне баса назар аударды. Тауарларды Интернет-алаңдарда орналастыру кезінде дауларды реттеудің жекелеген аспектілері, халықаралық пошта жөнелтілімдерін кедендік бақылау кезінде контрафактілік тауарларды анықтау бойынша жұмыс тәжірибесі қаралды.
«Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру шеңберінде қазірдің өзінде екі бағыт пысықталуда. Біріншісі - электрондық сауданы және оның ЕАЭО-дағы экожүйесін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға қатысты ортақ тәсілдемелерді тұжырымдау. Екіншісі - Интернет желісінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұзушылыққа қарсы күрес бойынша келісілген іс-қимылдар», — деп атап өтті ЕЭК-тің Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева.
Сессия қорытындысы бойынша контрафактінің таралуына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында құқық иеленушілер мен маркетплейстердің өзара іс-қимылын жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдалды. Соның ішінде сөз уәкілетті органдардың тиісті қолдауымен нарыққа қатысушылар арасында салалық өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау мүмкіндігі туралы болып отыр, бұл мемлекеттік органдар, бизнес және ЕАЭО елдерінің халқы арасындағы құқықтық қатынастардың сенімгерлік жүйесін қалыптастыруға көмектеседі және одақтық нарықтағы контрафакті деңгейінің төмендеуіне оң әсерін тигізеді.
Анықтама:
«Антиконтрафакт» халықаралық форумы – билік, бизнес, ғылым өкілдерінің, құқық иеленушілердің, өндірушілердің, авторлар мен жұртшылықтың сындарлы диалогына арналған аса ірі халықаралық алаң, мұнда контрафактілік өнімнің таралуына қарсы күрестің тиімділігін арттыру, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өркениетті нарығын, бәрінен бұрын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар талқыланады және тұжырымдалады.
Нұр-Сұлтан қаласындағы форумның ұйымдастырушылары ретінде Еуразиялық экономикалық комиссия, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық зияткерлік меншік институты және «Антиконтрафакт» халықаралық қауымдастығы өзін көрсетті.
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2017 жылғы 7 наурыздағы № 3 өкіміне сай, форум жыл сайын ротациялық негізде ағымдағы жылы Еуразиялық үкіметаралық кеңесте төрағалық ететін елде өткізіледі.
2022 жылы «Антиконтрафакт-2022» X халықаралық форумы Қырғыз Республикасында өтеді.