Жаңалықтар

21.05.2021

ЕЭК мониторингі ЕАЭО елдері бизнесіне реттеушілік жүктеменің азайғанын көрсетті

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес өкімімен Еуразиялық экономикалық комиссияның Қызметтер көрсету саудасын, құру мен қызметті реттеу қағидаларын 2019-2020 жылдары орындау мониторингі туралы баяндамасы мақұлданды. Баяндама Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бизнесті ішкі реттеуге, бақылауға және қадағалауға жалпы ауыртпалық салынбайтын тәсілдемелерді көздейтін қағидаларды имплементтеу қорытындылары туралы ақпаратты қамтиды.

Мәселен, өткен екі жыл ішінде Одақ елдерінде бизнес-ахуалды жақсарту және кәсіпкерлерге түсетін реттеушілік жүктемені азайту үшін елеулі қадамдар жасалды. Атап айтқанда, ресейлік және қазақстандық РӘБ (АРВ) рәсімдеріне ұқсас Арменияда, Беларусьте және Қырғызстанда бизнеске әсер ететін заңнамалық актілер жобаларының реттеуші әсерін бағалау тәртібі, мерзімдері және жағдайлары бекітілді.

Бұдан басқа, Беларусь пен Қырғызстанда актілер жобаларын, соның ішінде Интернет желісі ресурстарының көмегімен жария талқылауға қатысу рәсімі жеңілдетілген.

Қазақстанда ашық қол жеткізуге жобалардың өзін ғана емес, сол сияқты осы жобаларға реттеушілік әсерді талдау туралы қорытындыларды орналастыру арқылы әзірленіп жатқан құжаттардың жобалары туралы ақпаратқа қол жеткізу деңгейі арттырылған.

Ресейде жалпы бизнес-климат пен реттеуші ортаға теріс әсер ететін нормативтік құқықтық актілерді қайта қарау және күшін жою мақсатында бақылау-қадағалау және рұқсат беру қызметінің ауқымды реформасы басталды.

Тұтастай алғанда, Одақ елдерінің Қағидаларды орындауы кәсіпкерлердің кедергісіз жұмысын қамтамасыз етуге, рұқсат беру жүйелерінің тиімділігін арттыруға, тосқауыл тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл ретте оларды іске асыру — реттеуді үйлестіру үшін негіз және құру, тауарлар өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсетуді жеткізу және өзге де қызметті жүзеге асыру еркіндігі үшін жағдай жасайтын құрал болып табылады.

Анықтама:
Қызметтер көрсету саудасын, құру мен қызметті реттеу қағидалары Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы №24 шешімімен бекітілген. Еуразиялық экономикалық комиссия шешімнің 2-тармағын орындау үшін мониторинг жүргізеді, Одақ елдерінің Қағидаларды орындау қорытындылары туралы баяндама дайындайды және кем дегенде екі жылда бір рет бұл туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесті хабардар етіп отырады.