Жаңалықтар

18.11.2022 (Обновлено: 01.12.2022 10:20)

Кубада ЕАЭО-ның өнеркәсіптік паркін ашу жоспарлануда

Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Николай Кушнарев 14-18 қарашадағы Куба Республикасына жұмыс сапары шеңберінде осы мәселені талқылады. 

Кубаның «Мариэль» айрықша даму аймағының (АДА) аумағында Еуразиялық экономикалық одақтың өнеркәсіптік паркін құру жөніндегі бастамасын дамытуға орай Николай Кушнарев «Мариэль» АДА бас директоры Ана Тереза Игарс Мартинеспен келіссөз жүргізді. Тараптар Еуразиялық индустриялық парк құру жағдайларын және ЕАЭО елдерінің өнеркәсіптік компанияларына оларды Куба нарығында, соның ішінде саудада және өңірдің қосымша құн тізбектерін құруда ілгерілету үшін жәрдемдесуді қамтамасыз ету мүмкіндіктерін ізеуіртті талқылады.

Жоба бастамашыларының ойластыруынша, «Мариэль» АДА өнеркәсіптік паркінде болашақта фармацевтикалық және биотехнологиялық өнімдер, медициналық жабдық, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп үшін пайдалануға арналған, жүк және автомобиль құрылысына арналған машиналар мен жабдық, өңірлік стратегиялық әріптестердің (Аргентина, Бразилия, Чили, Перу, Мексика) нарықтарына бағдарланған тұрмыстық техника өндірілуі мүмкін.

Николай Кушнарев ЕАЭО мемлекеттері мен Куба Республикасының өнеркәсіптік ынтымақтастығының перспективаларын Куба Премьер-министрі Мануэл Марреромен бірге талқылады. Кездесу FIHAV-2022 38-інші Гавана халықаралық жәрмеңкесінің алаңында болып өтті. Мануэль Марреро машина жасау, қара металлургия, биотехнология, фармацевтика сияқты салалардағы ынтымақтастыққа айрықша назар аудара отырып, Кубаның ЕАЭО мемлекеттерімен жеделдетілген кооперациясына жоғары мүдделілікті атап көрсетті.

"Біз Куба мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер үшін өзара қызығушылық білдірілетін өнеркәсіптік өнімдердің өзара жеткізілімдерін кеңейтуге де үміт артамыз",- деді Кубаның Премьер-министрі.

Өз кезегінде Николай Кушнарев Кубаның Өнеркәсіп министрлігімен және «Мариэль» АДА-мен келіссөздердің нәтижелері және кәсіпорындардың ынтымақтастығын жолға қою жөніндегі нақты қадамдарды дайындау туралы айтып берді.

"Біз кәсіпорындарды, қауымдастықтарды және Кубаның Өнеркәсіп министрлігінің өкілдерін салалық жұмыс топтарымыз бен техникалық платформаларымыздың жұмысына белсене қатысуға шақырамыз, бұл байланысуды жолға қоюға және кубалық компанияларды кооперациялық тізбектерге кірістіруге ықпал ететін болады",- деп атап көрсетті Комиссия өкілі.

Жәрмеңке аясында Николай Кушнарев сондай-ақ Куба Республикасының Өнеркәсіп министрлігі өнеркәсіптік даму жөніндегі бас директоры Эдисмар Сааведра Йеромен, Кубаның Сыртқы сауда және шетелдік инвестициялар министрлігі Еуропа департаментінің басшысы Иналвис Вонаснеамен, GESIME металлургия және металл-механика өнеркәсібі бизнес-тобының вице-президенті Хорхе Луис Суарес Родригеспен, сондай-ақ Кубаның Сауда палатасының өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Тараптар Одақ елдері мен Куба арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамыту жөніндегі нақты қадамдар туралы уағдаласты, өнеркәсіптегі тараптар ынтымақтастығының кең мүмкіндіктерін атап көрсете келіп, жұмыс кездесуінің меморандумына қол қойды.

Анықтама

FIHAV-2022 Гавана халықаралық жәрмеңкесі - 1983 жылдан бері Кариб бассейні елдеріндегі аса ірі және Латын Америкасындағы ең өкілдікті сауда-көрме іс-шараларының бірі. 2020-2021 жылдары COVID-19 пандемиясы тудырған күрделі эпидемиологиялық ахуалға орай іс-шара өткізілген жоқ. FIHAV-2022 жәрмеңкесі 60-тан астам елдің өкілдерін қабылдады.

Автомобиль, химия, медицина, жеңіл өнеркәсіп, ақпараттық технологиялар, жобалау, құрылыс, сондай-ақ жабдықтар өндірісі салаларында қызметті жүзеге асыратын ресейлік 20-дан астам компания өз өнімдері мен әзірлемелерін Кубаның Президенті Мигел Диас-Канел мен Премьер-министрі Мануэл Марреро Крусқа көрсетті.

465,4 шаршы км жалпы аумақты алып жатқан «Мариэль» айрықша даму аймағы Артемис провинциясының солтүстігінде орналасқан. АДА 2013 жылы құрылған және Куба Республикасы Министрлер кеңесінің тікелей басқаруында тұр.