Беларусь Республикасы Қаржы министрлігінің және Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық үшін айыппұлдар төленді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 7 шілдедегі шешімімен «Ассомедика» ЖШҚ (Беларусь) директоры Сергей Пузыня бәсекелестікке қарсы келісімнің қатысушысы деп танылды. Медициналық жабдықтарды сатушы компаниялар, соның ішінде "Ассомедика" ЖШҚ, әрқайсысы өз аумағында Cochlear Europe шығарған кохлеарлық имплантация жүйелерінің сөйлеу процессорларын өткізуге келіскен. Осы арқылы тұтынушылар өнімді неғұрлым қолайлы бағамен таңдау мүмкіндігінен, сондай-ақ осы өнімді жеткізушілердің кеңейтілген тобының кепілдікті және кепілдіктен кейінгі қызметімен қамтылу мүмкіндігінен айырылды.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 21 қарашадағы шешімімен «Брютс Н» ЖШҚ (Беларусь) іс-әрекеті жосықсыз бәсекелестік актісі деп танылды. Компания ресейлік желінің сауда белгісіне ұқсас тауар белгісін қолдана отырып, тұтынушыларды өзін ресейлік HOOKAH PLACE кальян орындарының белгілі ресейлік желісіне қатысы бар деп адастырды.
«Брютс Н» ЖШҚ мен «Ассомедика» ЖШҚ директоры Сергей Пузыняға жалпы сомасы 700 мың рубльден астам айыппұл салынды.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 2 тамыздағы шешімімен «Металлотехника» ЖШҚ-ның (Ресей), оның директоры Евгений Тарасовтың, сондай-ақ «Металлообработка» ЖШҚ (Ресей) директоры Валерия Абросимованың іс-әрекеті жосықсыз бәсекелестік актісі деп танылды. Олар айрықша құқықтары "Автоген-М" ЖШҚ-ға (Армения) тиесілі "Орбита" белгіленімін өз атауында қолдана отырып, тұтынушыларды өндірістің сипатына, әдісі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне немесе болат құбырларды кесетін жабдықты өндірушіге қатысты жаңылыстырды.
Аталған тұлғаларға жалпы сомасы 800 мың рубльден астам айыппұл салынды.
ЕАЭО заңнамасына сәйкес
бәсекелестік қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдар аумағында құқық бұзушылық
жасаған шаруашылық жүргізуші субъект тіркелген мемлекеттің бюджетіне төленеді.