Анықтама
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 10 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберінде электрондық сауданы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі іс-шаралар жоспары (жол картасы) бекітілді.
Еуразиялық экономикалық комиссияның жол картасының 2-тармағына сәйкес ЕАЭО мемлекеттерімен бірлесіп, Одақтың Кеден кодексі туралы шартқа (сыртқы электрондық сауданы реттеу бөлігінде) өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың жобасында көзделген құзыретті негізге ала отырып, соның ішінде электрондық сауда тауарларына арналған декларацияның нысанын және оны толтыру тәртібін айқындайтын Комиссия актісін дайындау қажет.
Комиссия Алқасының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 93 және № 94 шешімдерімен ЕАЭО елдерінде сыртқы электрондық сауда саласындағы пилоттық жобаны (экспериментті) жүргізуді қамтамасыз ету үшін экспресс-жүктерге арналған тауарларға декларация толтыру ерекшеліктері белгіленген.