Жаңалықтар

17.03.2022 (Обновлено: 29.03.2022 13:26)

Албырт балық пен бақтақтың шабақтарына арналған нөлдік импорттық баж 2024 жылдың соңына дейін ұзартылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі албырт балық пен бақтақтың шабақтарына арналған кедендік әкелу бажының ставкаларын қоса алғанда 2024 жылға 31 желтоқсанға дейінгі аралыққа ұзартты.

Балықтың қарастырылып отырған жекелеген түрлеріне қатысты ЕАЭО БКТ ставкалары (ЕАЭО СЭҚ ТН 0301 91 900 0 және 0301 99 110 0 кодтары) кедендік құннан 10% құрайды. Алайда ЕЭК Кеңесінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 3 шешімімен 2019 жылғы 28 ақпаннан бастап 2022 жылғы 28 ақпанға дейінгі аралықта 0% мөлшерінде баж белгіленді.

«Балық өнімінің өзіндік өндірісін дамыту - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әрбір мемлекеттің де, тұтастай ЕАЭО-ның да азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды құрамдасы. Өсірілетін балықтың шабақтарына арналған нөлдік баж ставкаларын сақтау Одақта өндірілетін тауарлық албырт балық пен бақтақтың үлесін арттыруға ықпал ететін болады»,- деп атап көрсетті ЕЭК Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян. 

Осы ретте ол бүгінгі таңда ЕАЭО аумағында Атлантика албырт балығының шабақтары өнеркәсіптік өсіру үшін өндірілмейтінін, ал бірқатар кәсіпорындарда өндірілетін бақтақтың шабақтары тек тұщы сулы шаруашылықтарда өсіруге арналғанын нақтылады.