2022 жылғы қаңтар-шілдеде Еуразиялық экономикалық одақта өнеркәсіп өндірісінің көлемі 915,9 млрд АҚШ долларын құрады және 2021 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 0,9% артты.
Өнеркәсіп өндірісінің Қырғызстанда 17,8%, Арменияда 7%, Қазақстанда 2,7% Ресейде 1%, артуы, Беларусьта 6,2% азаюы байқалды.
Өндіріс көлемі ЕАЭО-дағы кен байыту өнеркәсібінде және карьерлерді дайындауда 2,4%, өңдеуші өнеркәсіпте 0,1%, электрмен жабдықтауда, газ, бу беру және ауа баптауда 0,1% артты; сумен жабдықтауда, кәріз жүйесінде, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылауда - 4,4% азайды.
Толығырақ статистикалық ақпарат Статистика департаменті бетіндегі "Өнеркәсіп өндірісі"бөлімінде берілген.