Нақтыланған деректер бойынша, 2021 жылы өзара сауда көлемі Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс істеген кезең ішіндегі ең жоғары деңгейіне жетті және 73,1 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылғыдан 32,8% артық және 2019 жылғыдан 18,6% жоғары.
Өзара саудадағы экспорт көлемінің өсуі Одақтың барлық мемлекетінде тіркелді. Мейлінше көп өсім Қырғызстанда (42,7%) және Қазақстанда (37,8%) байқалды.
ЕАЭО-ның сыртқы сауда айналымында өзара сауда айналымының үлесі 2021 жылы 14,6% құрады. Мейлінше көп өсім Қазақстанда тіркелді: сыртқы сауданың жалпы көлемінде өзара сауданың үлесі 2.5 п.п. өсті.
Толығырақ статистикалық ақпарат Статистика департаменті бетіндегі «Сыртқы және өзара сауданың статистикасы» бөлімінде 2021 жылғы қаңтар-желтоқсан ішіндегі талдамалы материалдарда (нақтыланған деректер) берілген.