Мүше мемлекеттердің ұсыныстарын ескере отырып дайындалған Бағдарламаның жаңа редакциясы 53 позицияны кірістіреді. Олардың 27-сі бойынша жаңа мемлекетаралық стандарттар әзірлеу жоспарланған, 25-і ИСО, ЕН және ЭЫДҰ халықаралық және өңірлік стандарттарына негізделетін болады. Бағдарламаның басқа позициялары бойынша қолданыстағы мемлекетаралық стандарттарға өзгерістер енгізу немесе оларды халықаралық стандарттардың соңғы өзекті версияларын ескере отырып қайта қарау көзделген. Алдыңғы Бағдарлама бойынша аяқталмаған стандарттарға қатысты оларды әзірлеуді аяқтау мерзімі өзектілендірілген.