Жаңалықтар

29.04.2022 (Обновлено: 08.04.2022 16:24)

Теміржол көлігі саласындағы стандарттар тізбесі жаңартылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Одақтың теміржол көлігінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттеріне қатысты стандарттар тізбесін өзектілендірді. Стандарттар тізбесі 2022 жылғы 6 сәуірде күшіне енетін теміржол көлігіне арналған техрегламенттердің жаңа редакциясын қабылдауға байланысты жаңартылды.

Стандарттар тізбесінің жаңа редакцияларын Ресей Көлікмині Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен бірлесіп, сарапшылар мен бизнес өкілдерін қатыстыра отырып әзірледі.

 Жекелеген мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға қатысты, соның ішінде оларды қолдануға бейімдеу мен сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу мақсатында өтпелі кезең белгіленген.

Жаңа стандарттарды техрегламенттердің жаңа редакцияларымен өзара байланыста қолдануды тездету үшін ЕЭК Алқасының шешімі 10 күн өткен соң күшіне енеді.