Жаңалықтар

03.10.2023

Дәрілердің айрықша маңыздылығын айқындау оларды ЕАЭО-да тіркеуді тездетуге мүмкіндік береді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы дәрілік препараттарды тіркеу кезінде жедел сараптама жүргізу мақсатында олардың халықтың денсаулығы үшін айрықша маңыздылығын бағалау жөніндегі нұсқаманы мақұлдады.

Нұсқама дәрі өндірушілерге дәрілік препаратты тіркеу үшін жеделдетілген рәсімдерді оның бірегейлігі (емдеудің басқа баламалы әдістерінің жоқтығы), аурулардың ауыр түрлерін емдеу немесе бақылауды қамтамасыз ету қабілеті, мүгедектіктің пайда болуын алдын ала ескерту немесе пациенттердің өлім-жітімін азайту үшін қолдануға негіздеуге мүмкіндік береді.

Құжатта дәрінің пайдасын бағалаудың объективті көрсеткіштері қолданылады, бұл препаратты қолдану кезінде өмір сүрудің қаншалықты ұзарғанын немесе еңбекке қабілетсіздік кезеңінің қаншалықты қысқарғанын бағалауға мүмкіндік береді.

Айрықша маңызы бар дәрілік препараттарды нарыққа жедел шығару мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау жүйесі мен пациенттердің тиімділігі жоғары жаңа дәрілік препараттарға деген қажеттілігін толтыруға мүмкіндік береді.