Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Қырғыз Республикасының бастамашылық ұсынысын қарап, біріздендірілген қағидалар бойынша Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде көп мәртелік электрондық сигареттерді және ұқсас жеке электрондық буландырғыш құрылғыларды таңбалауды енгізу туралы шешім қабылдады.
Құжатқа сәйкес мүше мемлекеттер бұл туралы алты айдан кешіктірмей ЕЭК-ке хабарлама жасай отырып, өз аумағында сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу күні мен тәртібін дербес айқындайтын болады. Бұл ретте таңбаланбаған өнімді айналымға енгізуге тыйым салу 2022 жылғы 1 қазаннан ертерек жүзеге асырылмайды.
«Таңбалаудың ұлттық операторларының өзара іс-қимылы трансшекаралық сауда шеңберінде ЕАЭО-да сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау жүйесінің базалық технологиялық ұйымдастыру моделімен көзделген тәртіпте жүзеге асырылатын болады», - деп нақтылады ЕЭК Кедендік-тарифтік реттеу және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.
Одақтың бірқатар елінде тауарлардың аталған тобы акцизделетін санатқа жататынын ескере отырып, ұлттық заңнама деңгейінде тауарға материалдық жеткізгішті басып қою жөнінде қолдан жасалғаннан қорғау құралдарын қамтитын қосымша талап белгіленуі мүмкін.