Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаменті "Әлеуметтік-демографиялық индикаторлар. Еуразиялық экономикалық одақтың статистикасы" бюллетенін жариялады. Кітапша 2022 қаңтар – маусым ішіндегі халықтың саны, еңбек нарығы, тұрмыс деңгейі, тұтыну бағалары және тұтыну нарығы жөніндегі деректерді қамтиды.
Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында ЕАЭО-ның барлық елінде 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бала туу: Арменияда – 4,3% (16,5 мың адам туды), Қазақстанда – 8,4% (198,1 мың адам туды ), Қырғызстанда – 3,6% (70,9 мың адам туды ), Ресейде – 6,3% (635,2 мың адам туды ) төмендеді.
Бұл ретте Ресейден басқа, барлық мүше мемлекетте халықтың табиғи өсімі байқалды. Ресейдегі кему 383,8 мың адамды құрады.
Қырғызстаннан басқа, ЕАЭО-ның барлық елінде халықтың көші-қон ағыны тіркелді. Қырғызстанда көші-қон өсімі 1 750 адамды құрады.
2022 жылдың бірінші жарты жылдығында орташа айлық атаулы жалақы 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Одақ мемлекеттерінің барлығында артты. Атаулы жалақының да, нақтылы жалақының да ең жоғары өсу қарқыны Қазақстанда (тиісінше 124,1% және 110,9%) және Қырғызстанда (тиісінше 123,9% және 109,8%) тіркелді.
Толығырақ статистикалық ақпарат Статистика департаменті бетіндегі «Статистикалық жарияланымдар» бөлімінде берілген.