2021 жылы Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің экономикаларын монетизациялау (М2 ақша агрегатының ЖІӨ-ге қатынасы) Арменияда 35%, Беларусьта 14%, Қазақстанда 29%, Қырғызстанда 35% және Ресейде 51% құрады.
Ұлттық валютада жеке тұлғаларға ұзақ мерзімді кредиттер бойынша ең жоғары ставка – 24,5% Қырғызстанда 2021 жылғы ІІІ тоқсанда, ең төменгі – 9,8% Беларусьта 2021 жылғы І тоқсанда тіркелді.
Шетел валютасында жеке тұлғаларға ұзақ мерзімді кредиттер бойынша ең жоғары ставка – 21,4% Қазақстанда, ең төменгі – 5,7% Ресейде 2021 жылғы І тоқсанда тіркелді.
2021 жыл ішінде заңды тұлғаларды кредиттеу көлемі 43% өсті, бұл ретте мерзімі өтіп кеткен берешек 23% өсті.
Жеке тұлғалардың депозиттерге орналастырған қаражаты 14% артты, 2021 жылдың аяғына қарай заңды тұлғалардың депозиттері 22% артты.
Осы және басқа фактілермен сіз Статистика департаментінің «Ақша айналысы және кредиттеу. Еуразиялық экономикалық одақтың статистикасы. 2021 жыл» статистикалық бюллетенінде таныса аласыз.