Жаңалықтар

04.12.2023 (Обновлено: 05.12.2023 14:56)

ЕАЭО-ның бес жыл ішіндегі статистикасы жарияланды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаменті Еуразиялық экономикалық одақтың Статистикалық әржылдығын жариялады.

Әржылдықта 2018-2022 жылдардағы ЕАЭО мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы, соның ішінде халқының саны, оның жұмыспен қамтылуы, тұрмыс деңгейі, білімі, бағалар, жалпы ішкі өнім, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі, инвестициялар, құрылыс, көлік пен байланыс, тұтыну нарығы, қаржы нарығының субъектілері, мемлекеттік қаржы және ақша-кредит жүйесі туралы деректер келтірілген.

2022 жылдың аяғына ЕАЭО-ның тұрақты халқының саны 185,4 млн адам болды. ЕАЭО елдерінің жалпы ішкі өнімі 2022 жылы 2 603,9 млрд АҚШ долларына жетіп, бес жыл ішінде 6,4% артты. ЕАЭО-дағы өнеркәсіп өндірісі бес жыл ішінде 12% өсті және 1 703,8 млрд АҚШ долларына жетті; ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі 15,1% артып, 166,4 млрд АҚШ долларын құрады.

2018 – 2023 жылдардағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер АҚШ доларынан өзге, ЕАЭО мемленкеттерінің валюталарымен де есептелген.

Толығырақ статистикалық ақпарат Статистика департаменті бетіндегі «Статистикалық жарияланымдар» бөлімінде берілген.