Жаңалықтар

17.03.2022

ЕАЭО-да мемлекеттік сатып алуға арналған өнеркәсіп тауарларының тізбесі 52 топпен толықтырылды

ЕЭК Кеңесі 17 наурызда Мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидасына №1 қосымшаны тағы да 52 тауар позициясымен толықтырды.

ЕЭК ЕАЭО мемлекеттерінің уәкілетті органдарымен және бизнесімен бірлесіп, орындау кезінде олар ЕАЭО елдерінің аумағында өндірілген тауарлар болып саналатын бірқатар тауар позициялары үшін талаптар мен өнеркәсіптік операцияларды келісті. Сөз лифтілер, кабель өнімі, компьютерлік томографтар, сорғылар, ілмекті арматура, мойынтіректер және басқа тауарлар туралы болып отыр.

 ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиевтің сөзінше, ЕЭК Кеңесі қабылдаған шешім Одақ елдері өндірушілерінің ЕАЭО мемлекеттеріндегі мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.

 «Енгізілген өзгерістер өнеркәсіп тауарларын жеткізушілердің ЕАЭО елдеріндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуына тікелей әрі тең қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады»,- деп атап өтті министр.     
Анықтама:

Мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін (ТШЕ) айқындау қағидалары ЕЭК Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 105 шешімімен бекітілген. 

ТШЕ қағидаларына № 1 қосымшаға 263 тауар позициясы бойынша өндіріс шарттары енгізілген. Қабылданған шешім тағы 52 тауар позициясы үшін өндіріс шарттарын айқындады. Олардың қатарында «Энергетикалық машина жасау, электр техникалық және кабельдік өнеркәсіп» (түрлі кернеулі күштік кабельдер, сымдар, талшықты-оптикалық және оптикалық талшықтар кабельдері), «Арнайы машина жасау» (лифтілер, таптау машиналары және өзі аударғыш жүк машинасы-автомобильдерге технологиялық операциялардың өзгерістері) «Медициналық бұйымдар» (медициналық маскалар, компьютерлік томографтар, рентгеноскопиялық аппаратура, діріл аппараттары), «Құрылыс материалдары» (цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған бұйымдар, қиыршық тас және өзге де түйіршіктер, үгінділер, тастан жасалған ұнтақ), «Мұнай-газ машиналарын жасау» (сорғылар, ілмекті арматура, мойынтіректер) салаларының тауарлары бар.