Жаңалықтар

09.02.2022 (Обновлено: 21.02.2022 14:47)

Метрополитеннің жылжымалы құрамына арналған техрегламенттің өтпелі ережелері 2027 жылғы 2 қаңтарға дейін қолданылатын болады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ЕЭК Кеңесі 2021 жылғы 2 желтоқсанда қабылдаған және 2025 жылғы 2 қаңтардан бастап күшіне енетін ЕАЭО-ның «Метрополитеннің жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» техрегламентіне өтпелі ережелерді белгіледі.

Тегрегламент күшіне енгеннен кейін 24 ай ішінде сәйкестікті бағалау туралы ұлттық құжаттар бойынша (егер олар көзделген болса) және сәйкестікті бағалау туралы құжаттарсыз (егер мұндай ұлттық рәсім бағамдалмаған болса) өнімді өндіруге және шығаруға жол беріледі.

Өтпелі ережелер техрегламент талаптарына және сәйкестікті бағалау туралы құжаттарға кезең-кезеңмен бейімделу үшін қабылданды. Ал өтпелі ережелерге сәйкес шығарылған өнімнің айналысына оның қызмет мерзімі ішінде ғана жол беріледі.