31 қаңтарда Санкт-Петербургте "Экономиканы қазіргі заманғы монополияға қарсы реттеу: заңнаманы жетілдіру құралдары" атты VIII халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференцияға Еуразиялық экономикалық комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаментінің өкілі Владимир Ковалёв қатысты.
Ол өз сөзінде ЕЭК-тің бәсекелестік саласындағы құқық қолдану практикасы мәселелеріне, оның тиімділігін арттыру механизмдеріне тоқталды. Қазіргі заманғы цифрлық экономика жағдайында тауар нарықтарын зерттеу мен реттеуге орайлас тәсілдемелерді әзірлеуге және бизнес пен ЕАЭО елдерінің қалың жұртшылығы үшін Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын түсіндіру жөніндегі жұмысқа бөлекше назар аударылды.
Іс-шараға Ресейдің ФМҚ басшысы Максим Шаскольский, ЕАЭО Сотының Төрағасы Алексей Дронов, ФМҚ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Ресей судьялар корпусының, ЕАЭО елдерінің сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты.