Жаңалықтар

23.11.2023

ЕАЭО кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығу тегін айқындаудың үндестірілген жүйесі туралы келісімге қол қойылды

Құжатқа Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері қол қойды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Келісім Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің тауарларды ЕАЭО кедендік аумағынан тыс жерлерге шығару шеңберінде олардың шығу тегін айқындау және растау жөніндегі, соның ішінде мүше мемлекеттерде шығу тегіне байланысты экспортты реттеу шаралары болған кездегі тәсілдемелерді біріздендіруге арналған.

"Әкетілетін тауарлардың шығу тегін айқындау жүйесі туралы жаңа келісім жасасу Еуразиялық интеграцияны дамыту бөлігіндегі маңызды қадам болып табылады. Қол жеткізілген уағдаластықтар тараптардың тиісті мәселелер бойынша қазіргі бар тәсілдемелерін жақындастыру жөніндегі ұзақ келіссөздерінің қорытындысын шығарды. Келісім күшіне енгеннен кейін үшінші елдерге тауарларды экспорттық жеткізуді жүзеге асыратын сыртқы саудаға қатысушыларда шығу тегімен жұмыс туралы барлық базалық ережелер қамтылған құжат пайда болады. Бұл бір мезгілде екі міндетті шешуге – Еуразиялық тауарлардың сыртқы нарықтарға қолжетімділігін оңайлатуға және Одақтың ішкі нарығында тосқауылдардың туындауына жол бермеуге көмектеседі, – деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

Келісім ЕАЭО-дан әкетілетін өнімнің шығу тегін құжаттамалық растаудың бірыңғай механизмдерін қалыптастыруға және экспорттаушылардың тауардың шығу тегі туралы сертификаттар беруді жүзеге асыратын ұйымдармен өзара іс-қимылының бірыңғай қағидаларын белгілеуге бағытталған.

Бұдан басқа, құжат Одақта ЕАЭО-ның еркін сауда жөніндегі әріптес елдеріне жеткізілетін тауарлардың оңайлатылған форматта тауарлардың шығу тегін преференциялық растауына мүмкіндік беретін жаңа институтты - уәкілетті экспорттаушылар институтын қалыптастырудың құқықтық негізін қалайды.

Осындай мәртебеге ие болған СЭҚ қатысушылары өз тауарларының шығу тегі туралы сертификаттарды ресімдеу қажеттілігінсіз тарифтік преференцияларды пайдалана алады. Мәселен, бұларды алу уәкілетті ұйымдарға жүгіну қажеттілігімен ұштасып жатқанда, сертификаттардың орнына тиісті авторландыруды алғаннан кейін олар өздерінің уақытша және қаржылық ресурстарын үнемдей отырып, құжаттарды өз бетінше ресімдей алады.

Келісімде оларға қатысты экспорттық реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың шығу тегін айқындау мәселелеріне де маңызы кем түспейтін рөл берілген. ЕАЭО-ның кедендік шекарасында жіксіз ішкі контур құрылады, оның пайда болуы бестік елдеріне экспорттық реттеу шараларын дәл баптау ісіне жаңаша қарауға мүмкіндік береді, осылайша өзара саудада мерзімді туындап тұратын шектеулерді азайтады.

"Келісім әзірге ратификациядан өтіп жатқан кезде, біз "одақішілік" деп аталатын әкімшілендіру контурында пайдаланылатын және Одақтан тыс әкетілетін тауарларға қатысты мүше мемлекеттер енгізетін тарифтік емес реттеу шараларының тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік беретін Экспортталатын тауарлардың шығу тегін айқындаудың арнайы қағидаларының жобасымен жұмысты аяқтауымыз керек. Келісім ЕАЭО-да кедендік әкету баждарын өндіріп алудың бірыңғай механизмін құру бойынша жұмысқа да жаңа серпім беруге тиіс", – деп толықтырды Андрей Слепнев.


Анықтама

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығу тегін айқындаудың үндестірілген жүйесі туралы келісім Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының 3.1.7-тармағына сәйкес әзірленді.