Жаңалықтар

26.05.2022 (Обновлено: 14.06.2022 15:05)

«Еуразиялық агроэкспресс» жобасының жаңа қатысушыларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Бішкекте Еуразиялық экономикалық форум аясында «Еуразиялық агроэкспресс» жобасының дирекциясы — «Еуразиялық агрологистика» АКҰ мен жаңа қосылған қатысушылар арасында бірқатар құжатқа қол қою болып өтті.

Сөз Ресейдің Ұлттық сүт өндірушілер одағымен және Ресейдің Ұлттық құс өсірушілер одағымен ынтымақтастық туралы меморандум жайында, сондай-ақ Қырғыз Республикасының темір жолдары бойынша тасымалдауды жүзеге асыратын «Кыргыз Темир Жолу» ұлттық компаниясымен стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы меморандум туралы болып отыр. Сондай-ақ, «ҚТЖ Экспресс» АҚ-пен (Қазақстан Республикасы) меморандумға қол қою туралы жарияланды.

«Құжаттарға қол қою Еуразиялық экономикалық одақ елдері бизнесінің практикалық кезеңге өтіп үлгерген «Еуразиялық агроэкспресс» жобасын іске асыруға деген қызығушылығын тағы да көрсетті. Қатысушылар санының артуы ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу көлемінің өсуіне ықпал ететіні сөзсіз, бұл теміржол операторларына арнайы тариф бойынша тұрақты тасымалдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. 

Рәсім ЕЭК сауда блогының перспективалы нарықтар және ЕАЭО өнімдерінің экспорттық мүмкіндіктеріне арналған Бизнес-диалогын ашу шеңберінде өтті. Құжатқа «Еуразиялық агрологистика» АКҰ бас директоры Алевтина Кириллова, «Кыргыз Темир Жолу» ҰК» МК бас директоры Азамат Сакиев, Ұлттық сүт өндірушілер одағының бас директоры Артем Белов және Ұлттық құс өсірушілер одағының бас директоры Сергей Лахтюхов қол қойды.

Анықтама

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті жеделдетілген теміржол және мультимодальдық тасымалдауды жүзеге асыру жөніндегі «Еуразиялық агроэкспресс» бірлескен жобасын іске асыру жөніндегі бастама Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2022 жылғы 25 ақпандағы № 3 өкімімен қолдау тапты. Бірлескен жоба одақішілік қатынаста және бірінші кезеңде (ҚХР-ға және Өзбекстан Республикасына) екі экспорттық маршрут бойынша көрсетілген тауарларды одан әрі басқа елдерге кеңейту мүмкіндігімен тұрақты жөнелтуді қалыптастыруға арналған. Өзбекстанмен қатынаста АӨК өнімдерін алғашқы сәтті тасымалдау осы жылдың өзінде жүзеге асырылды.

Автономды рефрижераторлық контейнерлердің қазіргі заманғы паркі температуралық режимді ұстап тұруды талап ететін жүктердің кең номенклатурасын тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Контейнерлер онлайн режимінде температураны және жүктің жай-күйін қадағалап отыру мүмкіндігі бар ылғалдылықты бақылау бергіштерімен жабдықталған. 

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі