ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Өзбекстанға жұмыс сапары барысында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесу өткізді. Тараптар өзара іс-қимылдың және диалогты кеңейту, ынтымақтастықты тереңдету мен жандандыру мүмкіндіктерінің деңгейін талқылады.
«Еуразиялық экономикалық комиссия Өзбекстан Үкіметімен белсенді ынтымақтастық жасайды. Өзара іс-қимылды өсіре түсу үшін резервтер бар, ең бастысы, құрметті Президент мырза, сіздің интеграцияны тереңдетуге деген жеке саяси еркіңіз», — деп атап көрсетті ЕЭК Алқасының Төрағасы.
ЕАЭО Өзбекстан Республикасының ең ірі сауда әрріптестерінің бірі болып табылады.
«Біз ынтымақтастығымызды инвестициялар мен қаржы саясаты, көші-қон саласында, сондай-ақ жаңа бағыттар — біздің күн тәртібімізде біртіндеп бекіп жатқан ғылым, туризм және денсаулық сақтау бойынша тереңдету перспективасын көріп отырмыз», — деді Михаил Мясникович.
Ол сондай-ақ ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет – Өзбекстан мен Комиссия арасындағы өзара іс-қимыл бүгінде неғұрлым қарқынды жүріп жатқан салаларды атап өтті. Бәрінен бұрын, бұл — сауда саясаты, техреттеу, өнеркәсіптік кооперация және көлік.
ЕЭК Алқасы Төрағасының пікірінше, бұдан арғы өзара іс-қимылдың түйінді драйверлерінің бірі – бұрын Өзбекстан ып табылады.
Бизнес-диалогты қарқынды етудің әртүрлі жолдары қаралды. Михаил Мясникович, атап айтқанда, ЕАЭО мен Өзбекстан Республикасының іскерлік кеңестерінің бірлескен отырысын өткізуді ұсынды.
Тараптар ЕАЭО-ның халықаралық күн тәртібі мәселелеріне бөлек назар аударды.
«Өзбекстан Республикасы ЕАЭО үшін шығыстық әріптестермен тиімді байланыстырушы буын рөлін атқаруға қабілетті. Ол ЕАЭО, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы және Үлкен Еуразиялық әріптестік арасында көпір бола алады», — деп атап өтті ЕЭК Алқасының Төрағасы.
Анықтама:
Өзбекстан мен ЕАЭО елдерін ұзақ жылдар бойғы ынтымақтастық байланыстырады. 2020 жылғы желтоқсанның соңында Өзбекстанға ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесі берілді. Өзара іс-қимыл инфрақұрылымын дамыту құрылды: 2021 жылғы 30 сәуірде Қазанда Комиссия мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға, сондай-ақ 2023 жылға дейінгі бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды. ЕЭК пен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі бірлескен жұмыс тобы жұмыс істейді. Өзбекстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдері үшін Комиссияның кең экономикалық күн тәртібі бойынша семинарлар циклі өткізілді. Бұл Өзбекстанның мемлекеттік басқару органдарының Одақтың реттеушілігі туралы хабардар болу деңгейін арттырады, бұл ЕАЭО құқығымен біртіндеп үндестіруге ықпал етеді.
ЕАЭО Өзбекстанның сыртқы сауда әріптестерінің арасында Қытайды (17,7%), ЕО-ны (9,2%), Түркияны (8,1%) басып озып, бірінші орында (тауар айналымындағы үлес салмағы 30,4%) тұр. Өз кезегінде Өзбекстан ЕАЭО мүшесі болып табылмайтын ТМД елдері арасында Одақтың көлемі бойынша екінші сауда әріптесі болып табылады.
2021 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстан мен ЕАЭО мемлекеттерінің тауар айналымы 11,6 млрд долл.асты.
2022 жылғы қаңтар-мамырда ЕАЭО мен Өзбекстанның тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сыртқы сауда айналымы өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 26% ұлғайды және 5,6 млрд долл. құрады. (ЕАЭО-ның ӨР-ге экспорты — 3,8 млрд долл. (+23,8%), импорты — 1,8 млрд долл. (+31%).