Жаңалықтар

16.06.2022 (Обновлено: 28.06.2022 17:01)

ЕЭК пен Еуразиялық кардиологтар қауымдастығының өкілдері ынтымақтастық форматтарын талқылады

16 маусымда Мәскеуде ЕЭК алаңында ЕЭК-тің Еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Алтынай Омурбекова мен Еуразиялық кардиологтар қауымдастығының президенті Ирина Чазова Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық кардиологтар қауымдастығы арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады.
  Алтынай Омурбекова Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарына сәйкес жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің денсаулық сақтау саласындағы экономикалық ынтымақтастығын кеңейту жұмысы туралы айтып берді. Атап айтқанда, ЕЭК департаментінің директоры телемедицина технологияларын пайдалануды қоса, мүше мемлекеттердің азаматтары үшін денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы жетістіктеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету қажеттігін, сондай-ақ оқытудың қазіргі заманғы технологияларын пайдалана отырып, үзіліссіз медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында Одақ елдерінің ынтымақтастығын дамытуды атап көрсетті.

Ирина Чазова, өз кезегінде, қауымдастық Еуразия өңіріндегі медицина жұртшылығының бірлестігі болып табылатынын және денсаулық сақтауды, медициналық ғылым мен білім беруді толық әрі жан-жақты дамытуға, сондай-ақ Еуразия мемлекеттерінде кардиология мен аралас пәндер саласында ғылыми-зерттеу, оқытушылық және практикалық жұмыс жүргізетін медициналық мамандардың кәсіби өсуіне жәрдемдесетінін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар өзара іс-қимылды, соның ішінде ЕАЭО елдерінде бірлескен конгрестер, конференциялар мен семинарлар өткізуді қолдау есебінен тереңдетуге мүдделілікті атап өтті.

Анықтама

Медицина қызметкерлері қауымдастығының «Еуразиялық кардиологтар қауымдастығы» Еуразиялық өңір елдері медициналық жұртшылығының бірлестігін білдіретін, ерікті мүшелікке негізделген және мына салаларда ынтымақтастықты неғұрлым толық және жан-жақты дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған коммерциялық емес ұйымы болып табылады: 
- жүрек-қан тамырлары ауруларының патогенезін зерттеу, диагностикасы және тиімді емдеу саласында ғылымның дамуына жәрдемдесу;
 
- кардиологиялық науқастардың алдын алу, диагностикалау және емдеу саласындағы ғылымның ең жаңа жетістіктерін практикаға ендіру;
 
- Еуразия өңірі елдерінің азаматтары арасында жүрек-қан тамырлары ауруларының жаппай профилактикасына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру; 
 
- жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу, диагностикалау және емдеу саласында дәрігерлердің үздіксіз білім беру жүйесін жетілдіруге ықпал ету;
 

- Еуразия елдері азаматтарының саламатты өмір салтын жүргізуге, денсаулықты нығайтуға бағытталған дүниетанымын қалыптастыруға жәрдемдесу.