2023 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Еуразиялық экономикалық одақта барлық санаттағы шаруашылықтарда ауыл шаруашылығы өнімін өндіру өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,3% төмендеді. Өсу Арменияда, Ресей мен Қырғызстанда, төмендеу Қазақстанда және Беларусьта байқалды.
ЕАЭО мемлекеттерінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды (жүгеріден басқа) жинау аяқталып келеді. 1 қазандағы жай-күй бойынша астық жинау Арменияда ғана (21%) артты, осы уақытта астық Беларусьта 16,6%, Қырғызстанда 18,2%, Ресейде 10% аз жиналды.
Бұл ретте мал шаруашылығы өнімінің негізгі түрлері: союға арналған мал мен құс (тірі салмақта) 2,3%, сүт 2,9%, жұмыртқа 1,2% артты.
Толығырақ статистикалық ақпарат Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаменті бетіндегі «Ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі» бөлімінде берілген.