тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Выберите язык
05.08.2022

2022 жылғы І жарты жылдықта ЕАЭО-да ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі 1,6% артты

2022 жылғы қаңтар-маусымда Еуразиялық экономикалық одақта ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі барлық санаттағы шаруашылықтарда 2021 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 1,6% артты және 39 млрд АҚШ долларын құрады.

Ресейде 2,2%, Қырғызстанда 2% және Қазақстанда 1,4% өсу байқалды.

Мал шаруашылығы өнімінің негізгі түрлерінің өндірісі: сойылған мал мен құс (тірі салмағында) 3,4%, сүт — 0,6%, жұмыртқа — 2,5% артты.

Толығырақ статистикалық ақпарат Статистика департаменті бетіндегі «Ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі» бөлімінде берілген.