«Шара елдің ДСҰ-дағы міндеттемелеріне байланысты Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың қалған елдерімен айналыстың айрықша шарттары қолданылатын тауарлармен өзара саудасын оңайлату үшін қажет», — деп түсіндірді Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаментінің директоры Игорь Назарук.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес бұған қоса Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО-ның басқа мемлекеттері арасындағы тауарлардың осы санатындағы өзара саудада тауарлардың ілеспе құжаттарының қағаз версияларын пайдаланудан бас тартуға мүмкіндік беретін есепке алудың электрондық жүйесін құру жұмысын тездетуді тапсырды.