тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Выберите язык
15.04.2022

Арнайы кедендік рәсімге орналастырылатын ұшақтардың санаттары кеңейтілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен кедендік баждарды, салықтарды төлемей жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету және кері әкелу мақсатында оларды ЕАЭО-дан әкету үшін азаматтық жолаушылар ұшақтарының тағы бір типін арнайы кедендік рәсімге орналастыру мүмкіндігі көзделген.
Сондай-ақ Кеңес арнайы кедендік рәсімге орналастырылған азаматтық жолаушылар ұшақтары, авиақозғалтқыштар мен қосалқы бөлшектер жөндеуден және (немесе) техникалық қызмет көрсетуден кейін қайтадан әкелінуі мүмкін мерзімді (алты айдан екі жылға дейін) ұлғайтты.