Жаңалықтар

15.04.2022 (Обновлено: 18.05.2022 10:14)

Арнайы кедендік рәсімге орналастырылатын ұшақтардың санаттары кеңейтілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен кедендік баждарды, салықтарды төлемей жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету және кері әкелу мақсатында оларды ЕАЭО-дан әкету үшін азаматтық жолаушылар ұшақтарының тағы бір типін арнайы кедендік рәсімге орналастыру мүмкіндігі көзделген. Сондай-ақ Кеңес арнайы кедендік рәсімге орналастырылған азаматтық жолаушылар ұшақтары, авиақозғалтқыштар мен қосалқы бөлшектер жөндеуден және (немесе) техникалық қызмет көрсетуден кейін қайтадан әкелінуі мүмкін мерзімді (алты айдан екі жылға дейін) ұлғайтты.